Жалқаулық жадыраған жазбен бірге келеді. Ата-анамызға, ата-әжемізге еркін еркелеп, жұмыссыз жүреміз. Қораға қойды қама десе де, тіл алмай, білгенімізді істейміз. Жазғы демалыс осынысымен қызық болса керек. Олай болса, демалысты қызықты өткізіп, немен айналысуға болатыны туралы жазайық.
1. Лагерьге бару. Жыл сайын мектеп қабырғасында оқушыларға арналған лагерьлер жұмыс істейді. Дәл сондай лагерьлерде еліміздің мәдение ошақтарын аралатып, танымымызды кеңейтуге жағдай жасайды. Ал мектептен тыс лагерьге барар болсақ, жолымыздың болғаны. Өйткені ол жерде жаңа достар тауып, ауқымды шаралармен айналыса аламыз. Жанымызда ата-анамыз болмайтындықтан, жауапкершілікті мойынға алуды үйренеміз.
2. Көкке шығу. Біз өмір сүріп жатқан жаһандану дәуірінде сәнді ғимараттардың түрлісін көруге болады. Алайда дамыған мемлекеттер дамушы елдердің адамзат қолы тимеген табиғатына қызығады. Ұлан-байтақ жеріміз осынысымен де құнды.
Көбіміз қалалық жерде тұрып, ауылдағы туысқандарымызды қалаға көшіріп алып жатамыз. Ал дәл қазір ауылда тұрып жатқан туысқандарымыз болса, үлкен қуаныш. Таулы аймаққа көкке шығып, таза ауамен тыныстаймыз.
Ұжымдағы әріптестерімізбен, сыныптастарымызбен көкке бірге шыққанға не жетсін. Балалық шақтың тәтті күндерін еске алып, түрлі аспапта әсем ән орындаймыз. Ой бөлісіп, жақсы тақырыптарда әңгіме-дүкен құрамыз.
3. Бір істі қолға алу. Жергілікті кітапханалардың бірінен қолөнерге қатысты кітап алып, түрлі бұйым жасауымызға болады. Артынша оны жақындарымызға тарту етсек, нұр үстіне нұр болып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаймыз. Жасаған дүниелерімізді сатып, табыс табамыз. Есіңізде болсын: ең ұлы істің өзі майда жұмыстар мен қиыншылықтардан басталған. Бүгін сабырлық танытып, еңбектеніп, өзімізді жақсылап тәрбиелесек, ертеңгі күніміз бақытты сәттерге толы болады.
4. Компьютерлік ойындар ойнау. Техниканың пайдасы мен зияны қатар жүреді. Осыған орай, ішінде қызықты әрі пайдасы тиетін ойындар бар. Оларды жаңбырлы күндері қолға алып, аулаға шыға алмайтын сәттерді қызықты өткізуімізге болады.
5. Саяхатқа аттану. Көптен бері баруды армандап жүрген елді бүге-шүгесіне дейін зерттейік. Артынша өзімізді қызықтырған мәдени ошақтардың тізімін жасап, қаражатымызға сай қонақ үй іздейік.
6. Кітапхана мен кітап дүкеніне бару. "Кітаптар қалашығы" сынды дүкендерден, қалалық кітапханалардан қалағанымызды таба аламыз. Кітап оқу еш уақытта артықтық етпейді. Керісінше үлкен өмірге дайындап, келер жылы мектепке білімді болып баруымызға жағдай жасайды.
7. Билеу. Уақыттың тапшы екендігін айтып, сырт келбетімізге назар аудармаймыз. Көше мәдениетін де ескермей жатамыз (көпке топырақ шашпаймыз). Өзіміз жақсы көретін әуенді қосып, би билейік. Қажет болса, камераға жазып алып, жүріс-тұрысымызға өзгеріс енгізейік.
8. Көңілді кеш ұйымдастыру. Дайын тағамдары бар мейрамханаға отырып, ақшаны шығындағанша, барлығын өзіміз ұйымдастыруымызға болады. Жақын таныстарымызды кешке ертерек шақырып, түрлі салат әзірлеп, бөлме ішін безендіргенге не жетсін?!
Құрметті оқырман, жазғы демалыстарыңыз қызықты өтсін!
Жалғасы бар...