Мақсаты: Ойынмен өзара әрекеттесу арқылы балалар ұжымын нығайту, оқуға уәждеме (мотивация).
Міндеттері:
Ойын тәжірибесін зерделеуге үйрету. Ұжымдық өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Өзінің әрекеті мен шешіміне жауапкершілікпен қарауға үйрету. Рефлексия дағдыларын қалыптастыру.Уақыты 1сағат 15 минут — 1 сағат 30 минут.
Қатысушылар жасы: 9-15 жас
Ойын мазмұны
Әр топ — ол жарнама агенттігі. Біздің мектебімізді жарнамалауға үлкен тапсырыс алдық. Жарнама агенттігін құрып, мектебімізге жарнама жасау керек.
Қажет материалдар:
Қатты қағаз, түрлі түсті қағаз, түрлі түсті қатты қағаз. Ватман, үлкен форматтағы қағаз. Түсті қарындаштар. Фломастерлер, маркерлер. Желім, қайшы, скотч. Қаламдар. Ескі журналдар, суреттер, мата қиындылары.Алдын ала дайындап қою қажет:
Әуендік сүйемелдеу. (жәй аспапты әуен) Қатысушы санына қарай бейджик.Қатысушылар:
Қатысушылар саны топтар санына байланысты. Әр топта 5-7 адам болғаны дұрыс. 3-5 топ болғаны жақсы. Жүргізуші. Жүргізуші көмекшісі.Ойынды өткізу тәртібі:
Қатысушыларды ойынға дайындау. «Сәлемдесу» жаттығуын өткізу. Бейджикке есімдерін жазу. Қатысушыларды түсті қағаздар көмегімен топқа бөлу. Ойынның өткізілуі. Ойын біткеннен кейін қатысушыларды ойын жағдайынан шығару үшін рефлексия өткізу.Ойын барысы
Тапсырмалар:
Жарнама агенттігіне біздің мектебімізді жарнамалау үшін үлкен тапсырыс түсті. Ол тапсырысқа қол жеткізу үшін өздеріңнің жарнама агенттіктеріңнің атауын ойлап тауып, тапсырыс берушіге таныстыруларың керек.
Дайындық уақыты: 10-12 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Жарнама агенттігінің негізгі идеясын құрып, тапсырыс берушіге ұсыну қажет (жарнама компаниясының девизі).
Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Қалқанды (щит) жарнама дайындап көрсетулерің керек. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Мектеп туралы видео жарнама түсіріңдер. Дайындық уақыты: 15-20 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Ал енді осыған дейін ойлап тапқан жарнамаларымыздың барлығын біріктіріп, бір жарнама жасайық. Дайындық уақыты: 10-15 минут, таныстыруға арналған уақыт 2-6 минут.
Ойынға қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Жарнама агенттігі жабылды.