Жапонияның Білім, мәдениет, спорт, ғылым және технологиялар министрлігі 2020 жылдан бастап бағдарламалауды төменгі сыныптарда міндетті пән ретінде оқытуды бекітті.
Орта мектепте бағдарламалау 2021 жылдан бастап, ал жоғары сыныптарда - 2022 жылдан бастап міндетті түрде оқытылады. Пәнді оқыту ойын үлгісімен өтеді - балалар ойын кейіпкерлерін тілдесе отырып басқару алгоритмдерін меңгереді.
Қазіргі уақытта елдің Кога мен Такео қаласында бағдарламалау пәні бизнесмендер және қоғамдық ұйымдардың еріктілерімен ынтымақтасып бастауыш мектепте оқытылып жатыр. Сабақтар оң нәтижесін көрсетті - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығы артты. Бұл тәжірибе елдегі басқа мектептерге үлгі болмақ.
Мектептерде бағдарламалау пәнін енгізудегі басты мәселе - мұғалімдердің қажетті тәжірибесі мен білімінің болмауы. Бұны шешуге ІТ-бизнес және қоғамдық ұйымдар қолға алған дәрістер көмектеседі.
Дереккөз: inform.kz