1. Жапонияда балалар 6 жыл бастауыш мектепте, 3 жыл орта мектепте, 3 жыл жоғарғы мектепте және 4 жыл университетте оқиды.
2. Балдырғандар 3 жасынан бастап балабақшаға міндетті түрде барады. Осы жерде жүріп хирагана мен катакананы оқып үйреніп, арифметиканың негіздерімен таныса бастайды.
3. Барлық бала мектепке қабылдану үшін экзамен тапсырады. Экзаменнен өте алмағандар қосымша дайындық мектебіне барып, келер жылы қайта тапсырады.
4. Бастауыш және орта мектептегі білім тегін. Ал жоғарғы мектеп пен университетте тек ақылы бөлімде оқиды.
5. Бастауыш мектепте үй тапсырмасын бермейді. Есесіне, орта және жоғарғы мектеп оқушыларына үй тапсырмасы көп мөлшерде беріледі. Осы кезеңде жапон оқушылары мемлекеттің ең жұмысбасты азаматына айналады.
6. Әр мектептің өзіне ғана тән дара формысы бар.
7. Мектептің кіре берісінде аяқ киімге арналған шкаф тұрады.
8. Көп мектепте шашқа байланысты сақталуы тиіс қатаң ережелер тізімі бар. Ол ережеге сәйкес оқушылар шашының түсі тек табиғи болуы керек.
9. Көптеген мемлекеттік және жекеменшік мектепте ұл бала қысқа шаш үлгісімен жүруі керек.
10. Қыздарға шаш бояуға, косметикамен боянуға, тырнағын сәндеуге, көлемді әшекей тағуға тыйым салынады.
11. Оқушылар тек қара, ақ, қара көк түсті шұлық киіп жүре алады. Студент мектеп ережесіне қарсы келіп, басқа түсті шұлық киген жағдайда оны тәркілейді.
12. Әдетте бір сыныпта 30-40 оқушы оқиды.
13. Ұстаздар сыныптан сыныпқа көшіп жүргенімен, оқушылар кабинет ауыстырмайды.
14. Оқушылар жапонша жазып, кітап оқып үйрену үшін 2 500 таңбаны жатқа білуі тиіс.
15. Жапон оқушылары оқу мен жазуды дұрыс жапон иероглифтерінің, қытайлық иероглифтердің және латын әліпбиінің көмегімен үйренеді.
16. Жапония мектептерінде негізгі пән ретінде математика, жапон тілі, қоғамдық ғылымдар, музыка, дене шынықтыру және қолөнер оқытылады. Дәл қазір ағылшын тілі бастауыш мектептен бастап қолға алынуда.
17. Оқушылар қосымша салауатты өмір салты, информатика, музыка, үй шаруашылығы, каллиграфия мен хайка сынды пәндерді оқиды.
18. Оқушылар техниканы білімдерін жетілдіру мақсатында пайдаланады. Барлық мектеп интернетпен қамтылған.
19. Жапон мектептерінде еден жуушылар болмайды. Барлық оқушы кішігірім топтарға бөлінеді. Әр топ өзіне тиесілі сынып бөлмесін, ауланы жинастыру, гүлге су құю сынды жұмыстармен айналысады.
20. Мектептердің барлығында дерлік футбол, кендо, бейсбол, дзюдо, теннис, жеңіл атлетика, жүзу, волейбол, регби сынды клубтар бар. Сабақтан кейін клуб мүшелері бас қосып, уақыттарын бірге өткізеді.
21. Жазғы демалыс 40 күнге созылады. Ережеге сәйкес 20 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды. Ал қысқы демалыс 26 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында 10 күнге созылады. Көктемгі демалыс та 25 наурыз бен 5 сәуір аралығында 10 күнге жуықтайды.
22. Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады.
23.Оқушыларға жазғы және қысқы демалысқа үй тапсырмасы беріледі.
24. Жапонияда барлық оқушы сенбі күндері де оқиды.
25. Оқушыларға мектепке дәрі-дәрмек, жүрек жалғайтын тамақ алып кіруге тыйым салынады.
26. Әрбір мектепте оқушылардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ететін диетолог мамандар жұмыс істейді.
27. ЖОО студенттері сабаққа жеңіл көлікпен келеді. Оларда оқушылар мен студенттерге арналған автобус жүрмейді.
28. Оқушылар сабаққа жаяу, велосипедпен немесе қоғамдық көлікпен қатынайды.
29. Жұмыс берушілер тарапынан ЖОО-ға түсу балы жоғары студенттерге сұраныс арта түседі. Студент ЖОО-ны бітірген соң оқу ақысын төлеген компанияға жұмысқа орналасады. Ал компания өз кезегінде оқуға төлеген ақшаны студенттің жалақысынан ұстап қалады.
30. Студенттер ЖОО-ны тәмамдаған кезде курстық, дипломдық жұмыстар жазбайды. Тек оқытушыларға бірнеше беттік есеп ұсынады.
Сіздің де лақап атыңыз бар ма?
Массагет оқушы қыздың арманын орындады
Оқушы қыздар қандай қателік жібереді
2014-2017 жылдары жоғары сұранысқа ие болатын мамандықтар
Ана - барлық көркемдіктің үлгісі
Сурет: rumbur.ru