Жақсы оқығым келеді десеңіз

Ата-аналар балалары жақсы баға алу үшін апта сайын не ай сайын немесе оқу жылының соңында сыйлық беріп отырады. Балаларға бұл ұнайды, күнделіктегі бағаларын санап, ата-анасына айтқанша асығып отырады.

Оқушы болсын, студент болсын нашар оқығысы келмейтіні ақиқат. Психологтардың пікірінше, сабаққа дайындалмай келіп, ұстаздың бетіне тура қарау оңай емес. Ұятын бүркемелеу үшін мектеп оқушылары сабақта шулап, төбелесіп, бұзықтық жасаса, ал студенттердің көбісі сабаққа келмей қалады.

Талай рет «екілік» алып, бұдан былай жақсы оқуға берген оқушы көп ұзамай қайтадан бұрынғы әдетіне сала бастайды.

Мұндайда ата-аналардың балаларына көмекке келгені дұрыс болады. «Мен кезінде керемет оқып едім, ал сен болсаң...» деген айыптаулардың мүлде қажеті жоқ.

Біріншіден, балаларына сабақ оқуға жағдай жасауға тырысу керек. Кейбір ата-аналар тым қатал болып, ойын ойнауға, теледидар көруге үзілді-кесілді тыйым салады.

Екіншіден, оқулықтардан басқа түрлі оқу құралдарын: энциклопедия, анықтамалық, схемалар жинағы сияқты қажетті заттарын алып берген жөн.

Үшіншіден, оқудың, мұғалімдердің құбыжық емес екеніне баланың көзін жеткізу қажет. Мұғалімдермен, психологтармен кеңескен жөн. Ұстаздың да ұстазы бар, дегенмен бар кінәны мектепке үйіп-төкпей, олармен тіл табысқан пайдалы. Бала мектепке үнемі қорқыныш, уайыммен баратын болса, психикасы бұзылып, денсаулығынан айырылады.

Баланың оқуын қадағалау аз, ұрып-соқпай, кінәламай, тақырыптарды өзі түсіндіріп, репититордың көмегіне жүгінген тиімді. Бала 2–3 рет тақырыпты меңгеріп, қайтадан айтып бере алса, түсінгені бойынша схема, жоспар жасап, сұрақтар құрастыра алса, бірте-бірте дағдысы қалыптасады. Төменде көрсетілген бағыт бойынша бастауыш сыныптан бастап, жүйелі жұмыс істеуге үйреткен дұрыс.

Пәннің аты Мерзімі Тақырып Түсіндім 100% Көмек қажет Түсіндім Баға              

Білімді меңгеруге баланың мінез-құлқы, темпераменті де әсер етеді. Кейбір тұйық балалар білгенін айтпай отыра беруі мүмкін. Мұндай балаларды мақтап-мадақтап, өзін-өзі жоғары бағалауға әдеттендіру қажет.

Сурет: cnn.com

Оқи отырыңыз:

Үй тапсырмасын орындамауыңыздың себебі неде?

Мектепте жақсы оқу үшін не істеу керек?

Оқу жылын сәтті аяқтағысы келетіндер үшін