Жақсы бала өтірікті де жақсы айтады

Жақсы бала өтірікті де жақсы айтады
Фото: elenasycheva.kz

Солтүстік Флорида университетінің ғалымдары ерекше зерттеу жүргізіп, оған британиялық 114 оқушы қатысты. Сынақ барысында есте сақтау қабілеті жақсы балалардың өтірікті де ұйқастырып айтатыны анықталды.

Олар түрлі сөздерді есте сақтау тапсырмаларын неғұрлым жақсы орындайтын болса, соғұрлым өтірікті де қиыстырып айтатыны белгілі болған. Балақайлар көп мөлшердегі ақпаратты игеріп, жадысы нашарларға қарағанда оны есте жақсы сақтайтын болып шықты. Бірақ олар түрлі суреттер мен фотоларды жаттап, тану сынағынан сүрінген. Енді ғалымдар балалардың өтірік айтуды қалай үйренетінін зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

inform.kz

@. @assel_assanova