Бүгінгі таңдағы басты проблема – жан-жақты ой-өрісі дамыған, бәсекеге қабілетті,кез-келген әрекетте алғыр, саналы жастарды тәрбиелеу. Білімнің бәсекесі өте жоғары. Өркениет пен мәдениет қатар дамыған қазіргі кезде жастардың қоғамға тигізер септігі мол.
Білім деңгейінің жоғарылығымен танылған мемлекеттер ғаламдану үдерісіне сәйкес реформалар жүргізуде. Білім беру жүйесіндегі реформаға негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері :
қоғам дамуының жылдамдығы; ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қарқындылығы; ғаламдық проблемалардың шығуы және анықталған тақырыптарды бірлесіп шешу мәселелері ; қоғамның ашық демократиялығы ; экономиканың өсуі мен бәсекелестіктің қарқынды жүруі; адам ішкі әлеуетінің мүмкіндіктері.Қазақстан Болон процесіне кірген ел болғандықтан, әр түрлі халықаралық зерттеулерге қатысып келеді. Бірақ біздің еліміз дүниежүзілік TIMSS ,PISA зерттеулері қорытындылары бойынша төменгі нәтижені көрсетіп келеді. Осы зерттеулерге қатысқанға да біраз жыл болды. Бізде қандай өзгерістер бар? Біздің оқытқан балаларымыздың білім деңгейі неге төмен болды деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік пе? Біздің алдымызда қандай мақсат пен міндеттер тұр?
Біздің білім беру жүйемізде мұғалімдер басымдықты «нені оқыту керек?» деген сұраққа қатысты көбірек көңіл бөліп, ал оқушыларға сол жаңа білімді қалай оқыту керек? деген мәселе қалып қалып қойған сияқты. Яғни мұғалім тарапынан дайын білім беріледі де, сәйкесінше оқушының жаңа ақпаратты өз бетімен алу дағдысын қалыптастыратын оқу ортасы ұйымдастырылмайды. Бірлескен оқу ортасын құру арқылы топтық жұмыстар жүргізу біздің мектептерімізде аз қолданылады.Оқушылар топта жұмыс жасауда бір-бірімен пікірлесіп,талқылау жүргізіп өзара оқыту, өздігінен білім алуға қолайлы жағдай жасай алмаймыз.Оқушылар алған білімдерін өмірде қолданудың ретін білмегендіктен,ПИЗА бойынша төмен көрсеттік деп ойлаймын.Әлемнің озық елдерінің мектептеріндегі білім жүйесі бірлескен оқу ортасын құру арқылы олардың топта жұмыс жасау дағдысын, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастырып, өздігінен және өзара білім алуға бағытталған.
Әлем елдерінің білім жүйесін бір-бірлерімен салыстырар болсақ, олардың білім жүйесі әр түрлі деңгейде дамуда.
Дүние жүзінің білім жүйесін зерттеген сарапшылар дүние жүзі бойынша әр түрлі көрсеткіштерді ала отырып көптеген елдердің білім жүйесін салыстырған.Көрсеткіштер бойынша дүние жүзінің 26 мемлекеті өздерінің білім жүйесінің озық үлгілерімен ерекшеленген.Солардың қатарында Ирландия, Дания және шығыстағы Тайвань елі де бар.
Ирландиядағы білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігінде өзіндік орны бар. Дамыған елдердің білім жүйесіне жүргізілген зерттеулер нәтижесі Ирландияның білім беру жүйесі алдыңғы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді . Сонау орта ғасырлардан бері Ирландияда білім беру ісі ең маңызды іс болған.Сондықтан болар Ирландияны «әулиелер мен оқымыстылар аралы» деп атаған.
Ирландиядағы білім беру ісі жақсы жолға қойылған.Европа елдері бойынша Ирландия мектептегі сабақтары саны көп, ағылшын оқушыларына қарағанда ирландықтар әр түрлі деңгейдегі емтихандарды көбірек тапсырады. Ирланд мұғалімдеріне қойылатын талаптар да жоғары. Ирланд мұғалімдерінің жалақысы өте жоғары. Мұғалім -мәртебелі мамандық иесі.
Қазіргі уақытта Ирландияда білім беру ісін басқару және жауапкершілік Білім және ғылым департаментіне (DES)жүктелген. Департамент білім беру аспектілерін қарастырып, оқу жоспарлары мен ұлттық сынақ байқауларын өткізеді.
Орта білім беру сатысындағы мектептер орта мектеп, кәсіптік мектеп,қоғамдық және бірыңғай мектеп бөлінеді. Мектептің типі қаржыландыру көзіне байланысты анықталады.
Бұл елдің орта мектептерінің көпшілігі жеке тұлғалар немесе шіркеулер иелігінде. Кәсіптік мектептер жергілікті әкімшіліктегі Кәсіптік Білім беру комитетіне қарайды. Үкімет мектептерді 93% қаржымен қаржыландырып отырады, бірақ қаржының мақсатты жұмсалуы жергілікті әкімшіліктің бақылауында болады
Ирландия елінде балалар бақшасы жоқ, себебі бала осы жасқа дейін отбасында тәрбиеленуі керек екен.
Ирландияда 12 жылдық білім беру жүйесі қалыптасқан. Міндетті білім алушылар 6-19 жас аралығындағы балалар қамтиды. Бұ елдегі барлық бастауыш мектеп 1999 жылдан жалпы мектеп бағдарламасы –The Primary School Curriculum- мен жұмыс жасайды. Бастауыш сыныпта оқушылар негізгі пәндер және ана тілі ,ағылшын тілі, дінтану, дүниетану пәндері бойынша тәлім алады. Бастауыш сынып оқушыларының сабақтары ойын түрінде және топтық жұмыстар негізінде жүргізіледі. Балалар жастайынан өзара әрекеттестікте, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдысы қалыптасып, жастайынан қоғам өміріне бейімделе алатындықтарын зерттеу нәтижелерінен көрсетті. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Мектептерде оқушының мәдениетінің дамуына көп көңіл бөлінеді.Бастауыш сыныптардағы әрбір бала үшін арнайы бағдарламалар дайындалып, олардың тұлғалық мүмкіншіліктерін ашады.
Орта мектептің І сатысы «Junior Cycle» деп аталады. Бұл саты 3 жылға созылады. Оқушылар «Junior Certificate» емтихан тапсырып, арнайы сертификат алады.
Орта мектептің төртінші жылы «Transition Year» деп аталады. Бұл жылы оқушылар өтілген материалдарды қайталап, өз білімдерін пысықтайды. Оқушылар келесі сатыда қандай бағытта оқитынына таңдау жасайды. Орта мектептің бесінші және алтыншы жылында оқушылар өз таңдаулары бойынша пәндерді таңдай алады.Оқушыларға арналған бағдарламаны мектеп өзі қарастырып жасайды. Бағдарламаны ата-аналар және оқушылармен бірігіп таңдай алады. Бұл ретте көбіне бизнесті ұйымдастыру, бухгалтерлік есеп,кәсіпкерлік,тілдер,сызу,музыка, дене тәрбиесі сияқты таңдау курстарын таңдай алады.
Орта мектептің екінші сатысында оқушылар әр түрлі жобалар арқылы басқа мемлекеттің мектебіне немесе басқа мектептерге белгілі бір уақыт аралығында барып оқуына мүмкіндіктер жасалған.Оқушылар осы кезден бастап кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндіктер қарастырылғандықтан, бала өзі нені қалайды, не істей алады осы жұмыстарға қарай бағытталады.Бірақ бұл бағдарламаға қарсы шығушылар да бар. «Балаға берілген мүмкіндіктер баланың сабаққа деген құлшынысы азайтып, келесі сатыға өтуге кері әсерін тигізеді» ,-дейді бұл бағдарламаға қарсы шыққандар.
Оқушылар математикадан, ағылшын тілінен, ирланд тілінен, қоғам негіздері және оқушы таңдауы бойынша пәндерден емтихан тапсырады.
Бұдан кейін ирланд оқушылары «Leaving Certificate» аталатын емтихан тапсырады.Жоғары сынып оқушылары экономика мен жаратылыстану пәндеріне көбірек көңіл бөлінеді. Ирланд оқушылары әр түрлі ресурстарды пайдалану және қажетті ақпарат алу үшін планшетпен немесе ноутбукпен қамтамасыз етілген.
Ирландия мектептеріндегі сабақтар күніне 7 сағатқа созылады.Оқушылар өздерінің алған білімдерін үйден саралау жұмыстарын көбірек жүргізеді, орындауға арналған тапсырмалар берілмейді екен. Ирландия мектептерінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеру мақсатында түрлі үйірмелер жүйелі түрде жұмыс жасайды. Бастауыш сыныптан бастап оқушылар сабақтан кейінгі уақытында шығармашылықпен тұрақты айналысады.
Ел экономикасын дамытуда арнаулы кәсіптік білімді мамандар қажет болғандықтан, Ирландияның білім беру саласында кәсіптік білім білімге көбірек мән берілген.
Соңғы жылдары әлемдік білім кеңістігінде өзіндік дамуымен ерекшеленген елдердің бірі-Тайвань. 1968 жылдан бері ел азаматтары 9 жылдық білім алуға міндетті.ХХ ғасырдың ІІ жартысында ел халқының 55%-ы сауатсыз болса, ал қазіргі уақытта барлығы да сауаттанған , тек 4%-і ғана сауаттанбаған, онда да жасы келген кісілер.Тайвань халқының 72%- жоғары білімді, ел халқының әрбір бесіншісінің жоғары білімі бар.
ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап білім беру ісіне қомақты қаржылар құйыла бастады. Ел үкіметінің басты саясаты жан-жақты, жаһандық үдеріске ере ала алатындай тұлға тәрбиелеуге негізделіп отыр.
Тайваньда 1996 жылы білім реформасы жасалды. Реформаның басты мақсаттары:білім беру жүйесіндегі өзін-өзі басқаруды дамыту,оқу бағдарламалары мен жоспарларын негіздей құру,материалдық-техникалық базаны нығайту.
Реформа мектепке дейінгі бала бақшалардың желісін дамытуды, мектептердің АКТ құралдарымен қамтамасыз етілуін,жоғары сынып оқушыларының оқу жүктемелерінің азайтылуын, алыс ауылдардағы мектептердің материалдық-техникалық базасының жақсартылуын қарастырды.Мұғалімдердің кәсіби біліктіліген арттыру жұмыстарына да көңіл бөлінген. Бүгінгі таңда Тайвань үкіметінің басты мақсаты бәсекелестікке қабілетті мамандар даярлап шығару болып отыр.
Мектепке дейінгі мекемелердің саны жылдан-жылға көбеюде. Мемлекеттік және жеке бала бақшалар бар. Ел үкіметі елдегі балалардың 80%-ін бала бақшамен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Тайваньда мемлекеттік және жеке мектептер жұмыс жасайды.
Тайвань елінде балалар 6 жастан мектеп табалдырығын аттайды.Бастауыш мектеп 6 жыл оқиды, онан кейін негізімектептің 3 жылын оқиды. Міндетті 9 жылдық білімнен кейін оқушылар таңдау жасайды.Арнайы емтихан тапсырып, жалпы орта білім беретін мектепке (3жыл), орта кәсіптік-техникалық оқу орнына (3жыл) және кәсіптік –техникалық оқу орнының 5 жылдық түрін жалғастыруына мүмкіндіктері бар.Тайвань елі оқушыларының 5%-ы ғана 9 жылдық біліммен қалады екен, қалған оқушылардың көпшілігі барынша жалпы орта білім беретін мектептерге түсуге тырысады, себебі білім беру сапасы жоғары деңгейде болғандықтан, жоғары оқу орындарына оңай түсу мүмкіндігі бар. Бастауыш сыныптар жасы бойынша бөлінеді.Жасы үлкендер мектепте көбірек уақытын өткізеді.Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың қоршаған ортамен байланысы мен адамдармен қарым-қатынасына көбірек мән береді.Оқушылардың қызығушылықтарын ескеріп отырады.Негізгі мектеп курсында оқушылар тіл мен әдебиет, математика, жаратылыстану және қоғамтану , музыка, дене дәрбиесі,үй шаруашылығы , өнер пәндері бойынша білім алады.9- сыныпты бітіргеннен кейін ешқандай емтихан тапсыру міндеттелінбейді. Жалпы орта білім алу үшін оқушылар наурыз айында жалпы емтихан тапсырады,ал егер оқушы емтиханнан өте алмаса, бұл емтиханды маусым айында қайта тапсыруына болады.Жалпы орта білім беретін мектептің бірінші жылында негізгі пәндерді тереңдетілген бағдарламалар бойынша оқиды.Ал екінші жылында оқушылар таңдаулары бойынша жаратылыстану және гуманитарлық бағыттарға бөлінеді. Үшінші жыл -оқушылар үшін ең қиын жыл. Бұл жылы олар әр түрлі ақылы курстарда білімін жетілдіреді.Жоғары оқу орындарына қабылдау 2 кезеңде жүргізіледі. 1 кезеңде негізгі пәндер бойынша емтхан тапсырады,1 кезеңде «Ұлттық Бірыңғай Емтихан» тапсырады.Бұл емтихан қаңтар айында өткізіледі, егер оқушы жақсы балл жинаса, ол өзі таңдаған оқу орнының келесі кезеңіне қатысып, студент атанады,ал егер де төмен балл жинаған оқушы болса ол қайтадан 1 шілдеде емтихан тапсырады.Тайвань оқушылары көпшілігі алғашқы сынақтан жақсы өтуге тырысады, себебі екінші сынақ күрделі өтеді.2 кезеңде таңдаған мамандығы негізіндегі пән бойынша емтихан тапсырады.
Жоғарыда қарастырылған елдерде мектепке дейінгі мекемелер туралы екі көзқараста.Тайвань елінің балаларды бала бақшамен қамту жұмыстары біздің еліміздің саясатымен ұқсас.Еліміздегі «Балапан» бағдарламасы балаларды бала бақшамен қамтамасыз ету үшін жасалған. Жылдан-жылға балаларды бала бақшамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен орындалуда.Екі елде де тіл үйрену жағына көбірек басымдық берілген.
Біздің елімізде 1-сыныптан бастап орыс тілі мен ағылшын тілі оқу бағдарламасына енді.Мемлекетімізде үш тілде білім беретін мектептер саны жылдын-жылға көбеюде. Бұл біздің оқушыларымыздың озық елдерге барып, өз білімдерін кеңейтуге жол ашады.
Қазақстан мектептерінде де оқуды бірлескен топтық ұйымдастыруға болады , себебі жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.
Ирландия мектептерінде «Transition Year» сатысы ұнады. Бала өтілген материалдарды жыл бойына қайталап, еске түсіреді,дағдысын қалыптастырады.Тайвань мектептеріндегі
Ұлттық Бірыңғай Емтихан біздің ҰБТ-ға ұқсас, бірақ оқушының мүмкіншіліктері қайта қарастырылған. Бізде ҰБТ тапсырғаннан кейін, оны қайта тапсыра алмайсың. Осы жүйені еліміздің мектептерінде қарастыруға болатын сияқты. Ұлттық Бірыңғай Емтиханды тапсырғаннан кейін 2 кезең бойынша тағы да сынақтан өтеді. Бұл да білім жүйесіне сапа пен нәтиже әкеледі.
Дереккөз: infourok.ru