- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Грекияның ерекше бағалау...
Грекияның ерекше бағалау жүйесі
Әлемдегі барлық бала білім алып, үйренуге құқылы. Дегенмен әр елдің танымына, қоғамдық жағдайына байланысты оқу жүйесі әртүрлі болары анық. Мысалы, Грекияда кезінде мектептен шығып қалған азаматтардың оқуын қайта жалғастыра алатын мүмкіндігі бар.
Грекия елінде оқушылар мектепте 9 жыл білім алады. Олар 2,5-3 жасқа келгенде мектеп алды даярлық сыныбына барады. Ал 6 жастан бастап мектепке қабылдана бастайды. Бастауыш сыныпта ана тілі, шет тілі, әдебиет, математика пәндері оқытылады. Оған қоса оқушылар бастауыш сыныпты 6 жыл оқиды.
Орта мектептегі білім 3 жылға созылады. Сыныптан сыныпқа көшу кезінде оқушылар емтиханнан өтпейді. Бұл сатыда олар өткен пәндерді тереңдетіп оқиды. Оқытылатын пәндері бізден өзгеше емес, тек театр пәні деген сабақ міндеттеліп оқытылады екен. Бір қызығы, кезінде мектептен шығып қалған азаматтардың оқуын қайта жалғастыра алатын мүмкіндігі бар.
9 сынып мектептің соңғы сыныбы болып есептеледі. Бұдан кейін оқушы өз жолын таңдайды: жоғарғы сыныпты жалғастырады немесе өз қалауы бойынша жұмыс жасайды.
Жоғарғы білімді жалғастыру үшін екі бағдарлама жасалған: жоғарғы мектеп немесе кәсіби-техникалық мектеп. Жоғарғы мектепте оқушылар 3 жыл білім алады. Кәсіби-техникалық мектеп кешкі ауысымда оқытылады. Бұл мектепке 14 жастан бастап қабылдана береді.
Грекиядағы бағалау жүйесі бізден ерекше.
18,5 - 20,0 – үздік;
15,5 - 18,4 – өте жақсы;
12,5 -15,4 – жақсы;
10,0 - 12,4 – қанағаттанарлық;
0,0 - 9,9 – қанағаттанарлықсыз.