Алғаш рет Алматы қаласында қазақ тіліндегі Disney фильмдерінің фестивалі өтеді. Наурыз және сәуір айларында Алматы қаласы тұрғындары мен қонақтары қазақ тіліне дубляждалған фильмдердің көрермендері бола алады. Іс- шара Алматының Молл Апорт ірі ойын-сауық орталығының Star Cinema Aport кинотеатрында өтеді. «Меломан» компаниясы бастаушы болып отырған шараның ең негізгі мақсаты – неғұрлым көп қазақстандықтардың фильмдерді қазақ тілінде тамашалауға шабыттандыру.
2011 жылдан бастап «Болашақ» Корпоративтік қорымен «Меломан/MARWIN» компаниясы және көптеген жекеменшік мекеменің қолдауымен кейінірек қазақстандық кинотеатрлардың экрандарына шығатын голливудтық кинотуындыларды қазақ тіліне дубляждап келеді.
Фестиваль арнайы ежелден бері келе жатқан, ұлттық, халқымыздың сүйікті - Наурыз мейрамы қарсаңында өткізілгелі отыр. Осы күні дәстүр бойынша барлық отбасы мүшелері, достар, жақын адамдар бір дастархан басында жиналады.
Көрсетілім бағдарламасы «Меломан» компаниясының дистрибуциясына қатысты фильмдер болады. Олардың қатарында:

Көліктер-2

Батыл жүрек

Құбыжықтар университетi

Галактика сақшылары

Малефисента

Күлбике

Кек алушылар: Альтрон дәуірі

Алиса айнаның арғы бетінде

Джунгли кітабы

Моана
Күніне 5 фильм көрсетіледі, кіру билетінің бағасы қолжетімді. Оңтүстік астананың қазақ тіліндегі фильмдер фестивалі барша алматылықтарға ерекше сыйы болмақ.
Г. Берік