- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Францияда оқушыларға телефон...
Францияда оқушыларға телефон ұстауға тыйым салынды
Фото:
vk.com
Келесі қыркүйектен бастап Франция оқушыларына мектепке ұялы телефондарын әкелуге рұқсат берілмейтін болды. Бұл туралы The Guardian басылымы мәлімдеді.
Балалар құрылғыларды өздерімен бірге тасымалдап жүре алады, бірақ олар мектеп күнінің соңына дейін өшірулі тұруы керек. Ереже 6 жастан 15 жасқа дейінгі, яғни, орта мектеп (16 жасқа дейін) жасындағы барлық балаларға ортақ бекітілген.
Француз билігі бұл тыйым балалардың денсаулығына пайдалы болады деп есептеп отыр. Сонымен қатар, бұл тыйым оқушылардың сабаққа деген назарын арттыруға көмектесері анық. Дәрігерлердің айтуынша, балалар 7 жасқа дейін гаджетпен уақыт өткізбеуі керек.
А. Оралқызы