- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ескі кейіпкерлер -...
Ескі кейіпкерлер - жаңа әлемде
Соңғы жылдары елімізде сапалы мультфильмдер түсіріліп жүр. Бояуы қанық, даусы кейіпкеріне жарасымды, ал арасындағы қалжыңдары барынша өтімді. Жасы кішілер мен үлкендер қатар отырып көре алады. Дәл осындай туындылардың бірі - «Мадагаскар». Мұнымен қатар, осы мультфильмнің жалғасы ретінде «Мадагаскарлық пингвиндер» атты мультфильм түсірілген болатын.
Оның кейіпкерлері бұрыннан таныс - Шкипер мен Ковальски, Рико мен Прапор. Төртеуінің мінезі төрт түрлі болса да, Дейв атты сегізаяқтың тұтқынына бірге түседі. Дейв өз кезегінде дәрігер Октавиус Спрут бүркеншік есімімен жасырынып жүреді.
Пингвиндер бір кездері Дейвті қатты ренжіткен. Енді Дейв кек қайтармақшы. Кек қайтарып қана қоймай, пинвиндерді адамның қас дұшпаны етіп көрсетпекші. Пингвиндер қас жауына күші жетпейтіндіктен, «Солтүстік жел» атты жануарлар командасымен бірігуіне тура келеді.
Қазақ көрермендері орыс нұсқасын көретіндіктен, кейіпкерлердің тұпнұсқадағы даусын ести алмайды. Әйгілі актерлердің бірі Джон Малкович те дыбыстауға қатысқан.
Жаңа мультфильмнің түсірілгені өте жақсы. Алайда ескі кейіпкерлерге бауыр басып қалатын әдетіміз де бар. Осыған орай, түсірушілер қулық жасап, ескі кейіпкерлерді жаңа әлемге алып келуді жөн көрген екен. Бірақ жаңа кейіпкерлердің дүниеге келуіне кедергі жасаудың қаншалықты пайдасы бар? Мысалы, «Мұз дәуірі», «Шрек», «Мадагаскар» - олардың барлығы да бірнеше бөлім болып түсірілсе де, тығырыққа тірелгендей жалғасын таппады.
Енді әлемдік мәліметтерге сүйенсек, қаржы жинау мәселесінде аталған мультфильм «Шрек», Мұз дәуірі», «Ойыншықтар тағдыры» атты туындылардан кейін төртінші орынға жайғасады.
Алекс, Марти, Мелман, Глория сынды кейіпкерлерді бір-бірінен ажырату оңай. Ал пингвиндердің жайы басқа. Олардың мінезі мен даусынан ғана ажырата аламыз. Мұның өзі балалар үшін пайдалы. Олар детальға мән беруді үйренеді.
Алғашқы кейіпкерлер балалар үшін түсініксіздеу болса, үлкендер үшін еш күлкілі емес.
Пингвиндеріміз 2005 жылдан бері жаңа трюктер үйренбеген екен. Сөйлеу мәнері жылдам әрі бала қабылдауы қиын элементтер бар. Осындай аз кемшіліктеріне қарамастан, көзге оттай басылып, туысымызды көргендей әсер береді.
Балаларға арналған мультфильм көтеріңкі көңіл күй сыйлап, демалып алуға мүмкіндік береді.
Қ. Бүйенбай