- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ертең елімізде жалпыұлттық...
Ертең елімізде жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді
Бұл туралы ҚР Білім және Ғылым министрлігіні Баспасөз қызметі ресми сайтында жариялады. Хабарландыруда жиналыстың 12 мамыр күні сағат 18:30-да еліміздің барлық мектебінде ата-аналардың жалпыұлттық жиналысы болатындығын еске салған.
"Білім – бәрімізді толғандыратын ең басты сауал әрі балаларымыздың болашағы" дей отыра, бұл шарадан тыс қалмауға шақырады.
Сонымен қатар жұмыс берушілерден үйінде мектепте оқитын баласы бар ата-ананы жұмыстан ертерек босатып, ал кешкі ауысымда істейтіндері болса, бірнеше сағатқа ата-аналардың жалпыұлттық жиналысына жіберулерін сұрады.
Бұл жиналыста ұйымдастырушылық мәселелер шешілген, жиналыста мектептегі білім мен Қамқоршылар кеңесінің құрылуы жөнінде мағлұматтар алып, ата-аналар өздерін толғандыратын өзекті сұрақтарға жауаптар ала алады.
"Тағы бір маңызды нәрсе, әр ата-ана өз еркімен мектептегі кітапханаға оқуға қызықты деген кітаптарын әкелсе, нұр үстіне нұр. Өйткені, сіз оқыған қазыналы кітапты оқушылар да қызыға оқып жатса, бір ғанибет болар еді. Ал кітап – ең басты байлық әрі әдемі сыйлық" делінген хабарландыруда.
Г. Берік