Енді Финляндия, АҚШ, Ұлыбритания және Жапония мектептері оқушылардың көркем жазуына аса көп мән бермейтін болады. Белгілі педагогтардың айтуынша, қолмен жазу біліктілігі қазіргі кезде маңызды емес. Оның есесіне олар ақпараттық технологияны меңгеру мен компьютерде жазуды дамытуды көздеп отыр.
Финляндия: қалауыңызша жазуды үйреніңіз
2016 жылдан бастап Финляндия мектептерінде қолмен курсивті жазудың міндеттемесі жойылмақ. Оның орнына компьютермен жұмыс істеу мүмкіндігін арттыруға басымдылық танытады. Бастауыш мектептің мұғалімі Верту Халлоген былай дейді: «Оқытушы барлығына бірден үлгере алмайды. Қалай жазу керек екенін көрсету мен оны үдемелі жаттықтыруға бейімдеу үшін бір сағат өте аздық етеді».
Бүгінде қолмен дұрыс жазу, қолтаңбасын қалыптастыру екінші сыныптың жарты бағдарламасын қамтиды. Ал күнделікті тәжірибе жүргізбегендіктен, жоғарғы сынып оқушылары жазу қабілетін қайта жоғалтып алуда. Мұны жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген сынақтың нәтижесі көрсетіп отыр. Себебі жасөспірімдердің басым бөлігі мектептегі жазба жұмыстарын компьютер немесе планшеттің көмегімен орындайды екен.
Әйткенмен финдік мектептер қолмен жазуды үйренгісі келетін оқушыларға шектеу қоймайтын болады. Мұндай оқушылар үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылмақ.
Сурет: itec.aalto.fi