- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ең ерекше кітаптар...
Ең ерекше кітаптар топтамасы #2
Әр кезеңнің әр түрлі кітаптары рухани байытумен қатар, тағы бір қосымша қызмет атқарған, ол – таң қалдыру. Барлық кітап мұқаба мен парақтардан және кестелер мен суреттерден ғана құралады деп ойлайсыз ба? Қателесесіз. Қалта кітаптары, екі жақты кітап секілді тың дүниелермен танысатын сәт туды.
Интернеті бар қағаз кітап (2010 жылы)
Техника әлемінде қағаз кітаптарға да орын табылатынына анық айғақ. "Blink" кітабы (book – кітап, link – сілтеме сөзінен құралған) сілтеме және перне көрсететін сиямен басып шығарылған. Оқырман кітаптағы кез келген сөздің үстінен басып, саусағымен мақсатын белгілеп, жақын жердегі компьютерге Bluetooth арқылы сигнал береді. Бітті! Компьютер ол сөзді бірден тауып, аударады, суретін көрсетеді.
Әлемдегі ең үлкен кітап (2010 жылы)
2010 жыл тағы бір бірегей кітаптың өмірге келуіне сәтті жыл болды. Венгрияда биіктігі 4 метрден астам, ұзындығы шамамен 7 метрлік және салмағы 1452 килограмм кітап жасалып шығарылды.
Жіңішке жіпте гипперсілтемелі кітап (2010 жылы)
Бұл таңғажайып кітапты неміс студенті өзінің дипломдық жұмысы кезінде жасап, «Түс көру ойлары» деп атады. Мұндай ғажайыпта ғылыми, философиялық, поэтикалық мәтіндер жинағы түрлі түсті жіппен мұқият өрілген. Автордың айтуынша, кітап түс (цвет) туралы түсінің (сон) моделі негізінде құрастырылған... Жіңішке жіптер кітапқа нәзіктік береді.
Өртеуге болатын кітап (2013 жылы)
Бредберридің атақты кітабы мұқабасында шырпы және корешогінде щырпы қорабын бейнелеу арқылы ұлы тұжырымдамасын береді. Оның қағаздары білімсіздікті отқа жағуды білдіретін символ ретінде шығарылған.
Көлеңкелі кітап (2014 жылы)
«Қозғалатын сұлба» атты ерекше балалар кітабы жапондық суретшілердің туындысы.
Сенсорлы кітап (2014 жылы)
«Желіге қосылған қыз» атты әлемдік жаңа кітап оқығандағы жаңа сезімдеріңді тексереді.
Суды тазартатын кітап (2014 жылы)
«Ішетін кітапты» «WATERisLIFE» коммерциялық емес ұйымы жасап шығарды. Фильтрленген қағазға басылған, сұйықтықтағы зиянды бактерияларды жоюға қабілетті. Әр беті күмістің нанобөлшектерімен көмкерілген. Бір кітап төрт жылға жарамды.
Трансформер-мұқабалы кітап (2014 жылы)
Бұл ғажайып құбылыстың мұқабасындағы ерекше термобояу оқыған кезде қызады, содан соң өзінің көп қабатты дизайнын жайлап-жайлап ашады. Әр түрлі суретші жасаған әрбір дизайны «Шешендік дизайн өнерінде» деген мағынаны ашуға бағытталған.
Ағаш өсіретін балалар кітабы (2015 жылы)
Ал бұл аргентиналық кітапта балалар тұтас ағашты өсіре алады. Кітап балаларға кітаптардың қалай пайда болатынын және қышқылсыз қағазға экологиялық типографиялық бояумен басылатынын түсіндіру үшін жасалған. Сонымен бірге, кітап парағында жакаранда тұқымы бар, бала кітапты оқып, болашақ кітап жасалуы үшін өз ағашын отырғызып, оған күтім көрсетсін деген мақсат көзделеді.
@. @assel_assanova