Өткен жылдың наурыз айында Миссури штатының Джексон провинциясында мектеп оқушылары арасында «Spelling Bee» атты сөздерді әріптеп дұрыс айтудан байқау өтті.
Бұл байқаудың шарты бойынша, арнайы берілген күрделі сөздерді әріптеп айту керек. Сайыста қиын сөздердің әріптерін мүдірмей, еш шатаспай айтып берген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл байқау ақпан айында басталып, екі аптаға созылған екен. Ең негізгі тартыс бесінші сыныпта оқитын София Хоффман мен жетінші сыныпта оқитын Куш Шарманың арасында болған.
Орфографиялық байқаудың алғашқы бөлімінде бұл екі сайыскердің тартысы бес сағаттан сатам уақытқа созылған. Тіпті, байқау соңында, ұйымдастырушылардың алдын-ала іріктеп, дайындаған сөздері таусылып қалған екен.
Ұйымдастырушылар осы байқау үшін арнайы 200 сөзді екі апта бойы даярлаған. Сонымен қатар, тағы да алпыс сөзді қосымша көмек ретінде алып қойған. Тартысты сайыс барысында, София «stifling» сөзінен қателесіп кетеді. Осы кезде, Куш Шармаға соңғы әрі шешуші сұрақ қойылады. Ол берілген «definition» деген сөзді мүдірмей айтып, нәтижесінде, 5 сағатқа созылған байқаудың жеңімпазы атанады.
Қосымша ақпарат:
♠ Байқау атауының этимологиясына тоқталсақ: Spelling bee (ағыл. spell — әріптеп айту + bee (тарихи) — жиналыс) — сөздерді әріптеп айту байқауы. Ағылшын тіліндегі "bee" сөзінің тарихи мағынасы "жиналыс" дегенді білдіргенімен, оның толық этимологиясы белгісіз.
♠ Бұл байқаудың негізгі отаны АҚШ болғанымен, одан басқа: Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Мексика, Индонезия, Пакістан сияқты ағылшын тілі жақсы дамыған мемлекеттерде дәстүрлі түрде өтіп тұрады.
♠ Жарысқа 6-15 жас аралығындағы балалар қатыса алады. Және қатысушылар 1828 жылы жарыққа шыға бастаған, 200 жылға жуық тарихы бар "Merriam-Webster" сөздігімен дайындалады.
♠ Байқаудың негізгі мақсаты: оқушыларды бәсекелестіре отыра, олардың қолданыстағы сөздерді дұрыс айтуға үйретіп және сөздік қорларын молайту. Жоғарыда атаған, 200 жылға жуық тарихы бар сөздікпен дайындалған кейін, тек қана сөздерді дұрыс айтып қана қоймай, оның шығу тарихына да көз жүгіртетіні анық.
♠ Бұл байқау Алматыдағы ағылшын тілінде оқытатын британдық "Хэйлибери Алматы" мектебінде де ("Haileybury Almaty") жыл сайын ұйымдастырылып тұрады екен. Әрине, ағылшын тілінде болған соң, оқушылардың сөздік білімдерін жақсартып, ағылшын тілінен білімдерін күшейтуді мақсат тұтатыны белгілі.
Ұсыныс:
♣ Қазақ тілінде де тарихымызды жақыннан тануға, сөздеріміздің тарихына тереңнен үңілуге, қолданыстағы сөздердің этимологиясын білуге үйрететін осы секілді байқау ұйымдастыруға қалай қарайсыздар?
Оқи отырыңыз:
1. Қытайдың білім беру жүйесі қандай?
2. Жапония мектептері туралы 30 дерек
3. Оңтүстік Корея оқушылары бар уақытын білім алуға жұмсайды
4. Жақсы оқығым келеді десеңіз
5. Мектеп бұзақыларынан қорғанудың 3 тәсілі
Cурет: supercoolpics.com, factroom.ru