- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Диснейлендте де түрме...
Диснейлендте де түрме бар
60 жылдық тарихы бар Диснейленд ертегілер әлемі әлі күнге дейін қонақтарын күліп қарсы алып жүр. Мультфильм кейіпкерлерімен бетпе-бет кездесуді армандайтын балалар бұл жерден тек аттракциондарды ғана емес, түрмелерді де көре алады екен. Одан асқан қызықты деректерге көз жүгіртіңіз.
– Диснейлендтің басты символы Микки Маус келген қонақтарды әртүрлі киіммен күтіп алады. Оның 290-ға жуық киімі бар. Демек, ол жылдың 365 тәулігінде 290 түрлі киім ауыстырады да, 38 киімін жылына екі рет киеді деген сөз. Оның құрбысы Миниде де мұндай көп киім жоқ шығар.
– 18 жылдан кейін (2035 жылы) Диснейленд саябағының ашылуына 80 жыл толады. Бұл мерейтой өзгелерінен ерекше болмақ, себебі 80 жылдығында Ұйқыдағы Арудың сарайында жасырылған құпия жолдаудың сыры ашылады.
– Аттракциондар мен үлкен ойыншықтарды безендіруге қымбат әрі ерекше бұйымдар қолданылған. Мысалы, «Кішкентай әлем» аттракционын әсемдеу үшін 317 сынамалы таза алтын жұмсалған, ал «Кариб теңізінің қарақшылары» бөлімінде адамның бас сүйегі бар екен.
– Әлем балаларына қуаныш сыйлай алған Уолт Диснейдің үйіне бас сұғушылар көп болған. Мұны байқаған Уолт үйінің жарығын сөндірмеген екен. Қазірдің өзінде бұл жарық сөнбей тұр.
– Саябақта сағыз сатып ала алмайсыз, тіпті саябақ сыртынан шайнап кіремін десеңіз де, рұқсат жоқ. Себебі, кішкентай балалар аттракционда байқаусызда жұтып қоюы мүмкін немесе қонақтардың аяғына жабысып қалуы ықтимал деген қауіпті жайлардың алдын алған. Сонымен қатар, Диснейлендте жаңғақ сатылмайды екен, неге десеңіз, көптеген баланың одан аллергиясы бар.
– Паркте күзет бөлімі де бар. Олардың қатарында қолшам, дүрбі, тоқпақ ұстайтын күзетшілерден бөлек саябақ ішінде тышқан аулайтын мысықтар да бар. Пырылдақ күзетшілер тек түнде ғана қызмет етеді, ал күндіз жайлы үйшіктерінде ұйықтайды.
– Мұнда тек аттракциондар ғана емес, түрмелер де бар. Күзетшілер тәртіп бұзған қонақтарға «Сыйлы қонақтар» («Treasured guests») деген құпия сөзбен ескерту береді екен. Ескертуден қорытынды шықпаса, «сыйлы қонақ» құқық қорғау органы келгенге дейін ертегі зынданына қамалады.
Г. Берік