- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Бұл сұрақтың жауабын...
Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, балаңыздан сұраңыз (жауабы)
Кеше ұсынылған бұл сұрақта көлік тұрағындағы нөмірлер тізбегі берілген еді.
Бұл тапсырма 2014 жылы Гонконг мектебінде оқушыларға арнап дайындалған, содан кейін бүкіл әлемге тарап кетті. Мұның қызығы бірінші сынып оқушысы 1-2 минуттың ішінде дұрыс жауабын тауып алған екен, ал ересектер қалай ойланса да шеше алмай қойған. Себебі олар көп жағдайда қандай есеп болса да формулаға салып шығаруға тырысады. Ересектер барлығын өздері қиындатып алады. Кейбірі көлік тұрағындағы нөмірлердің орналасу заңдылығын басқа жолмен шешпек болған. Алайда бұл сұрақтың жауабын табу үшін ешқандай есептің де, формуланың да, заңдылықтың да қажеті жоқ. Алдыңғы материалда жазғандай мұны ересектерге қарағанда кішкентай балалар тез табады.
Жауабы: 87. Бұл жерде 88 және 98 сандарының ортасында қалайша 87 тұрады деп даулассаңыз, бұл жердегі бар мән ойша басыңызды бұрып, сандарға басқа көзбен қарау керек еді.
Көлік тұрағында сұрақ белгінің орнында көлік тұр деп елестетіп, суретті теріс айналдырып қарасаңыз, кәдімгі нөмірлер ретін көрер едіңіз.
@. @assel_assanova