Жоғарғы сыныпқа көшкен кезде көп оқушының оқу үлгерімі нашарлайды. Өзгерістер мен күйзелістің нәтижесінде үштік, екілік баға алады. Әр оқушыға бұл қиын кезеңге үйрену үшін уақыт керек. Төмендегі бірнеше кеңестерді ескеру арқылы үлгеріміңізді жақсарта аласыз.
Жинақы болыңыз! Бұл - табысқа жетудің кілті. Мектебіңіз оқулықтар берген болса, оларды барынша пайдаланыңыз. Сізге қызықты болсын. Қаптағышына шабыт сыйлайтын қанатты сөз жазып қойыңыз. Қойын кітапшасын сатып алып, үй тапсырмасын, бақылау мен диктант қай күні болатындығын жазып жүріңіз. Сіз әр күніңізді алдын ала жоспарлауыңыз қажет.
Уақытыңызды ақылмен жұмсаңыз. Жұмысқа күнделікті уақыт арнаңыз. Мысалы, бақылау жұмысы екі аптадан кейін, ал үй тапсырмасы ертеңге дайын болуы керек болса, бірінші мерзімі жақынын орындаңыз. Жұмысты ешуақытта кейінге қалдырмаңыз. Ұйықтар алдында оқылған ақпараттың көпке дейін есімізде сақталатынын зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр.
Еңбекқор болыңыз. Сіз сабаққа күнделікті қалмай келуіңіз керек. Дайындық – табыстың негізгі элементі. Мұнымен қатар, әр мұғаліммен тіл табыса біліңіз. Олардың мінезі де, өздері де түрлі болып келеді. Кейбіреуі қатал болады. Олардың көңілінен шығу үшін айтқандарын бұлжытпай орындап отыру қажет. Жиі қалжыңдайтын мұғалімдер де бар. Мұндайда қай кезде күліп, қай кезде күлмеу керектігін ажырата біліңіз.
Ең бастысы - алған білімнің сапалы болуы екенін ұмытпаңыз. Себебі білімді адам барлық қиындықты өткеріп, өмірден өз орнын табады.