Өнер әрқашан өркениеттер арасындағы байланыстың көпірі қызметін атқарды, ал Қазақстан үшін балалар шығармашылығының дамуы арқылы өзара құрмет пен мәдениеттердің жақындасуы айрықша мағынаға ие.
Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының Ұлттық ЮНЕСКО Клуб Федерациясы ЮНЕСКО қамқорлығындағы «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Халықаралық байқау-фестивалінің басталғанын жариялайды. Ұйымдастырушылардың сөзі бойынша, жоба осы жылы ерекше, себебі ол өзінің шеңберін дәстүрлі Орталық-Азиаттықтан Азия-Тынық мұхиты аймағына дейін кеңейтті.
Бангладеш, Вьетнам, Үндістан, Қытай, Корея, Қырғызстан, Моңғолия, Непал, Ресей, Тәджікстан,Тайланд, Түрікменстан, Өзбекстан, Жапония және т.б. елдерден 7000-нан аса жас суретшілер байқауға қатысып, қазыларды өздерінің әлемге деген көзқарастарымен таңғалдыруға тырысады.
Айта кететін жағдай, жоба ұйымдастырушылары балаларды суреттерін беруде тақырыбы мен өлшеміне шектеу қоймайды және 3 жастан 17 жас аралағындағы кез келген бала қатыса алады. Өтініштер 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін Ұйымдастырушылық Комитетінде қабылданады (ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Секретариаты, Алматы қ, Абай даңғылы 159). Байқау қазылары Азия елдерінің басқа да балаларымен бірге Фестиваль финалына шақырылатын, Астана мен Алматы қалалары және Қазақстанның 14 облысынан 12-17 жас аралығында 5 жеңімпазды анықтайды.
Алматы қаласының 1000-жылдығы – ЮНЕСКО атаулы күнін мерекелеу қарсаңында, 2016 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының мәдени астанасы өзінің есігін «Балалар әлемді бейнелейді. Азия» Фестивалінің 200 жеңімпаздарына айқара ашады.
Жобаның негізгі мақсаты шығармашылық-дарынды балалар мен жастарды қолдау, мәдениетаралық диалог пен өзара түсіністікті дамыту, сонымен қатар аймақ елдері өскелең ұрпағы арасындағы достық байланыстарды нығайту болып табылады.
Іс-шара бағдарламасы шеңберінде әртүрлі интерактивті тренингтар мен шеберлік-сыныптар өткізіледі, Фестивальға қатысушылар өздерінің шеберлігін көрсетуге мүмкіндігін алады, ал атақты суретшілер мен сәндік-қолданбалы өнер саласындағы шеберлер өскелең ұрпақпен бірден-бір өздерінің білімімен бөліседі.
Алматы қаласының 1000-жылдығын мерекелеуіне орайластырылған «Балалар әлемді бейнелейді» балалар шығармашылығының арнайы суретжинағының шығуы мен салтанатты презентациясы Фестивалдың қорытындысы болады. Бұл суретжинақ шығармашылық рухында әртүрлі балалардың әлемді қалай көретіні бейнеленген жас суретшілердің көптеген ғажайып және шабыттандыратын жұмыстарымен таңғалдырмақ.
Фестиваль Алматы қаласының Әкімдігі, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері бойынша ҚР-ның Ұлттық Комиссиясы, Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік Бюросы мен ҚР-ның Тұңғыш президенті-Елбасының Қорының қолдауымен өткізіледі.
Жобаға қатысу толық түрде тегін негізде жүзеге асады. Сонымен қоса, ұйымдастырушылар Алматы қаласында өтетін соңғы бөліміне келген жеңімпаз-балалардың барлық шығындарын өтейді.