- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Атырауда Конституцияны жатқа...
Атырауда Конституцияны жатқа айтқан оқушыға білім гранты берілді
29 тамызда Атырау қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай салтанатты шара өтті. Кешке Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, мемлекеттік қызметкерлер, еңбек ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, – деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Айта кетейік, биылғы Конституция күні Семей ядролық полигонының жабылуының 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.
Жиында сөз алған аймақ басшысы облыс тұрғындары мен қонақтарын Конституция күнімен құттықтай отырып, еліміздің аспаны ашық, тәуелсіздігі мәңгілік болуын тіледі. Ол сонымен қатар Ата заңымыздағы негізгі құндылықтардың адам мен оның өмірі, еркіндігі мен құқығы екенін еске салып, бұл қағидаттардың қазақ қоғамында ежелден келе жатқанын айтты. Оның айтуынша, негізінде даналық жатқан бұл құжаттың ашылғамаған мүмкіндігі көп.
“Еліміздік Конституциясы – халық даналығымен қатар, әлемдегі ең озық моделдер ескеріліп жасалған ерекше құжат. Оның ашылмаған қыры, мүмкіндігі өте көп. Елді ұтымды басқаруға мұрындық болып отырған Ата заңымыз Қазақстанның көптеген экономикалық, саяси жетістіктерге жетуіне себеп болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміз әлемдегі ең беделді ұйымдарға мүше болып, өзінің әлеуетін көтеріп, потенциалын пайдаланып отыр. Президентіміз, сонымен бірге, әлем лидерлерінің басын қосып ғаламдық проблемаларды шешу жолында қозғалуға мұрындық болып жүр”, – деді әкім.
Облыс басшысы Елбасының ядролық қарудан бас тарту туралы шешімінің ел тарихындағы маңызын ерекше атап өтті.
“Осыдан 25 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Оның көрегендігімен төрткүл дүние мемлекетімізді ядролық қарудан бас тартқан бейбіт ел ретінде таныды. Қазіргі таңда Қазақстан – халықаралық қоғамдастықта әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысы”, – деді Нұрлан Ноғаев.
Сөзінің соңында аймақ басшысы еңбекте ерекше көзге түскен қызметкерлерге және Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілеріне алғыс хат табыстады.
Сонымен қатар, облыста өткен «Конституцияны жатқа білемін!» атты конкурстың жеңімпаздары мараппаталды. Бірінші орынды иеленген Нұртаева Ақнұрға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің білім гранты тапсырылды. Сайыста қабілетін байқатқан тағы 6 қатысушыға университтер мен колледждердегі оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік сертификаттары мен басқа да бағалы сыйлықтар берілді.
@. @assel_assanova