Ата-аналар жиналысы жиі бола ма? Ұстаз оқушымен ғана емес ата-анамен де жақсы жұмыс жасауы керек. Көп жағдайда ата-аналар жиналысында сыныптың толық құрамы келмей қалып жатады. Бірі жұмысты сылтауратса, біріне жиналыс жайлы хабар мүлдем жетпей де жатады. Кейбір оқушылар сабақ үлгерімінің нашар болғандығынан немесе тәртібінен ұялып, ата-анасына жиналыс жайлы тіс жармауы мүмкін. Жақсы ұстаз осындай жағдайдың барлығын ескеріп отыруы шарт. Ендеше, ата-анамен жиналыс өткізудің де құпиясын біле жүріңізер.
1. Ата-аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата-аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата-аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен: типографиядан шыққан варианты, оқушылардың өз қолымен жасалған нұсқасы немесе ата-аналар комитетінің көмегімен. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата-ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, мүмкіндігінше алдын-ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып ата–аналар комитеті төрағасының телефон нөмері жазылғаны жөн. Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
3. Сынып ата-аналар жиналысына Сіздердің сынып оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата-аналармен бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе сыныпта ата-аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата-аналар жиналысына қатысушылардың бір–бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата–аналар бірін-бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата-аналардың аты-жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.
6. Ата-аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір-бірін аты-жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін (регламент) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата-аналардың өзара қарым-қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата-аналарға кофе-брейк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата-аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.