- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Ата-аналар жиналысын қалай...
Ата-аналар жиналысын қалай өткізу керек?
Мектеп қабырғасындағы «ата-аналар жиналысы» деген ұғым әрбір оқушы мен ата-ана үшін жақсы таныс. Дегенмен қазір ата-аналар жиналысы десе, үйдегілердің шеке басы тырысып, қаша бастайды. Ол ата-ананың баласына деген селқостығы емес, мектептегі жиналыстың өз деңгейінде өтпеуі. Сіздерге ата-аналар жиналысын есте қалатындай етіп өткізу үшін бірер кеңес береміз.
Ата-аналар жиналысы не үшін керек?
– балалар туралы қысқа әрі нақты ақпарат алу үшін;
– сынып ішімен таныстыру, оқушылардың қандай кеңістікте білім алатынан көрсету;
– ата-аналарға балалары туралы толық ақпарат беру. Оның ішінде денсаулығы турасында, тәртібі, білім сапасы, сөйлеу мәдениеті мен өзін ұстау дағдысын айту үшін;
– демалыс кезінде бос уақытты тиімді пайдалану үшін пайдалы кеңестер алу үшін;
– оқушылар арасында орын алған қатыгездікке жол беретін жайттарды айта отырып талқылау, алдын алу үшін;
– балалардың жетістігі мен шығармашылығы туралы айту үшін;
– психологиялық тренинг ретінде өткізе отырып, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін;
Жиналысқа дайындалу:
– негізгі тақырыпты белгілеу, күн тәртібіндегі басты мәселені анықтау;
– уақыттың тиімділігін пайдалану;
– ата-аналарға шақырту жасау, сыпайы әрі мәдениетті жүргізуге дайындалу;
– ата-аналар келген кезде күтіп алу және олардың сырт киімдерін ілуге дейін дайындап қою;
– ақпараттық материалдарды дайындау;
– жиналыстың өту барысына қарай арнайы мамандар шақыру;
– ата-аналардың алдында өзіңізді жақсы жағыңыздан көрсету үшін, өзіңіздің сырт киіміңізге мән беріңіз.
Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған шағын жоспар:
Жиналыс белгіленген уақытта басталуы керек. Ата-аналарды кешікпеуге үйрету. Жиналыстың өту ұзақтығы – 1 не 1,5 сағат.
– Сынып жетекшісінің сөйлеу уақыты – 5 мин.
– ата-аналарға арналған сауалнама жүргізу – 5-7 минут.
– тақырып бойынша сөйлеу, ұстаз немесе маман – 10-20 минут.
– негізгі тақырыпты талдау – 20 минут.
Ата-аналар жиналысын өткізуге арналған әдіс:
– үстелдерді жинап, орындықтарды шеңбер түрінде орналастыру. Бұл ата-аналардың бір-бірін көріп, танысып отыруына жақсы;
– ата-аналардың аты жазылған парақша дайындау. Оны бір-біріне беріп танысу бұрышын жасау;
– ата-аналарды міндетті түрде аты және тегімен атаңыз. «Арманның анасы» деу сыйластық емес;
– ең дұрысы жиналысты бір кесе шаймен бастаған дұрыс;
– ата-аналармен топтық және жеке дара ойындар ұйымдастыру;
– жиналыс болатын күнді есептеп барып қою. Сізге де ата-аналарға да ыңғайлы уақытқа табу керек;
– уақытпен жұмыс істеуді ұмытпаңыз;
– жиналысты керемет сөздермен және нәтижелі жағымен аяқтау міндетті.