Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.
Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.
Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу, бейнесюжеттер, «Аңса, балам», «Бала арманы» әніндерінің минустары, құнсыз заттар.
Барысы:
Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.
Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.
1-ші Аяжан анасымен — Анара Сайлаубекқызы
2-ші Ералы анасымен — Меруерт Қабдірахманқызы
3-ші Әрсен анасымен — Жадыра Союзбекқызы
Шаттық шеңберіне тұру.
Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.
1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.
1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.
2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.
2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз
3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.
3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.
Сайысқа қатысу ретін анықтау.
Жүргізуші:
Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.
Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1) Байсалбаева Айгуль Даулетовна — директордың оқу ісінің орынбасары
2) Дуйсенбаевна Жадыра Дуйсенбаевна — ата-ана
3) Сейткасымова Эльмира Есеновна — ата-ана
Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.
Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:
1 бөлім — Таныстыру
2 бөлім — «Бала арманы» үй тапсырмасы
3 бөлім — «Жағдаяттар» сұрақ-жауап сайысы
4 бөлім — «Адамзатқа көмек» атты шығармашылық тапсырма сайысы.
Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.
Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.
1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.
1. Мұратов отбасы.
Шыр етіп туысымен адам болдым,
Жыл сайын өсіп толып, өрлеп қондым.
Тобықтай тұла бойда бір мінім жоқ,
Отбасылар сайысына бүгін анаммен келіп тұрмын.
Атым Ералы болады сұрасаңыз,
Найман екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Самат — асқар тауым,
Пана болып біздерге жүз жасаңыз.
Анашым — Меріерт Қадірахманқызы,
Жүзінен төгіледі күннің нұры.
Атыма кір келтірмей өтсем,
Сенің мойынан түсер перзент жүгі.
2. Ахметовтар отбасы
Болашаққа зор үмітпен қараймын,
Ахметтей ұлы атадан тараймын.
Кеудесінде ар мен намыс мақсаты көп,
Мен Аяжан Мұратқызы — қара қызы қазақтың.
Анам Анар бет бұрған ұстаздыққа,
Елімізге пайдалы іс қылмаққа.
Аружан деген апайым, Ясмин дейтін сіңлім бар,
Мен де келдім жарысқа қатыспаққа.
3. Оразгалиевтер отбасы.
Мен Әрсен арқынның баласымын.
Жадыра анам — өмірдег жанашарым,
Атам мен апам менің, асқар тауым.
Үйреткен тәрбиенің бар асылын.
Ізімнен келе жатқан інім бар,
Отбасым өмірдегі дара-шыңым.
Менің асыл арманым, ғарышкер боп,
Көрсету өнегенің жарасымын.
1-ші «А» сыныбымның мақтанымын,
Топтан озған тұлпардай, дарасымын.
Мен Әрсен Отанымның ұлымын,
Көтерген көк байрағын Алашымның.
Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.
Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолыңда — демекші ата-ана мен баланың дайындаған «Бала арманы» үй тапсырмасын тамашалайық. Бұл бөлім үш критерий (өлше) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, әртістік шеберлігі, АКТ-ны қолдануы.
1. Мұратовтар отбасы — Ерасылдың арманын сахналау түрінде көрсетеді. Бала мен анасынын диалогы, «Аңса жаным» әнін орындау.
2. Ахметовтар отбасы — Аяжанның арманы «Арман журналы» түрінде ұсынылады.
Аяжан: Арманға бірге барайық,
Әуелеп әнге салайық.
Қазақ елінің кірпішін,
Бәріміз бірге қалайық.
Ән «Бала тілегі» Аяжан — орындайды, анасы — сурет салады.
Аяжан: Әкем біреу, анам біреу менің,
Мен жығылсам сүйелер тілеулерім.
Олар барда — мереке,
Әлемге тіршіліктің жылуы таралады.
3. Оразгалиевтер отбасы — Әрсеннің арманы «Әрсеннің түсі» — релаксация түрінде өтеді.
Анасы: Қане, барлығымыз денелерімізді бос ұстап, бастарыңызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңыздар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңыздар.
Әрсеннің түсін тамашалайды.
Әрсен:
Ғарышкер болу арманым,
Арайлап атқан таңдарда.
Әубәкіров Тоқтардай,
Қуантқан әркез жан-жағын.
Ғарышкер асыл ағалар,
Көк аспанды аралар.
Ғарышкер болсам деп айтар,
Араңызда бала бар.
Арманы асқақ баланың,
Үміттің отын жағамын.
Ғарышкер боп өскенде,
Оттай лаулап жанамын!
Биіктер менің талабым!
Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Әділ қазы мүшелерінен үй тапсырмасына берген берген бағаларын сұрасақ.
Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,
Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі — «Сұрақ-жауап» сайысын бастайық. Отбасыдағы жағдайларға байланысты бейнесюжет ұсынылады. Мұнда берілген жағдайды келесі екі отбасы пікір алмасу түрінде ойларын айтып, нұсқа береді. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, орындау шеберлігі, тақырыптың өзектілігі.
1. Мұратовтар отбасы 1 жағдай — «Дүкендегі жағдай»
Маман пікірі Нургельдина Роза Габдуловна
2. Ахметовтар отбасы 2 жағдай — «Компьютердің пайдасы мен зияны»
Маман пікірі Төлеутайев Еркебулан Әділетұлы
3. Оразгалиевтер отбасы 3 жағдай — «Баланың таңғы оянуы»
Маман пікірі Омертаева Эльмира Ардақовна
Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.
Қорытынды сөз:
Досы көпті жау алмайды,
Ақылы көпті дау алмайды — демекші бір-бірімізге әрқашан көмектесейік.
Сынып ішінде бір-бірімізге көмектесе білдік, ал бүкіл адамзатқа қандай көмек көрсетуге болады? Оны келесі бөлімде анықтаймыз. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беріліуі керек, тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы, оның барлық өміріне апат әкеледі» — деп, Әл-Фараби бабамыздың сөзінде өзекті түйіні бар. Тәрбие дегенде өзі бірінші ойға келетін ұғымдар — адамгершілік, тазалық. Жеке тұлғаның қоршаған ортамен үйлесімді қарым- қатынасы және мәдениет пен жауапкершілік . Ендеше келесі сайысымызда қоршаған ортаның маңызды бөлімдерін таңдап, қоллаж тәсілімен безендіріп, оның мазмұнын отбасы тақырыбымен байланыстырып ашу көзделеді. Интернет ресурс, құнсыз қолдануға болады. Бұл бөлім үш критерий бойынша бағаланады. Олар: тақырыптың ашылуы, берілген материалдың қолданылуы, сөз көркемдігі. Сиқырлы қоржын ұсыну. Қоржынның ішінде түрлі құнсыз заттар.
Жүргізуші: Бұл сайыста ата-аналар құнсыз заттарды құнду затқа айналдырып болашақта балалары қандай болғанын көргісі келетінін білдіре білді.
Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.
Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.
Рефлексия.
Аяжан:
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың, — мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып, қанасыздар.
Анасы: Сендер — күнсіңдер, аспанда жарқыраған
Ералы:
Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар-
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, — лайықсыздар.
Анасы:Сендер — өзен, тау суы сарқыраған
Әрсен:
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
Анасы: — Сендер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған
Балалар: Сіздер — ана, жан, қыздар.
Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Осы сайыстың демеушілері: 1-ші сынып ата-аналары — Сейсенбаева Гүлзира Оразгалиева, Дүйсенбаева Жадыра Дүйсенбаевна, Сейткасымова Эльмира Есеновна. Алғысымды білдіремін.