Әр мемлекеттің мектептеріндегі түскі астар

Күн сайын Америка мектептерінде 32 миллион бала түскі ас ішеді. Жастайынан семіріп, жапа шегетіндер де осылар. Семіздікпен белсенді күресіп жүрген Sweetgreen ұйымының өкілдері Америка оқушыларының түскі асы мен өзге мемлекеттердің түскі астарын салыстырды. Назар салайық.

Италия

Жаңа ауланған балық, томат соусы қосылған макарон, көкөністерден жасалған салат, багет және десертке бір үзім жүзім.

Финляндия

Ас бұршақ сорпасы мен қызылша салаты, қуырылған сәбіз, нан және жаңа піскен жеміс-жидектер мен құймақ десертке.

Франция

Стейк, сәбіз, жасыл үрмебұршақ, ірімшік пен жеміс-жидектер.

Бразилия

Көкөністер мен шошқа еті, ірі қара бұршақтар қосылған күріш, нан және бұқтырылған банандар.

Оңтүстік Корея

Балық сорпасы, тофумен күріш, кәрістердің ұлттық тағамдары кимчи және көкөністер

Грекия

Арпа жармасымен бұқтырылған тауық еті, жүзім жапырақтарынан голубцы, қызанақ пен қиярдан салат және анар қосылған грек йогурты. 

Украина

Шұжық пен картоп езбесі, борш, қырыққабаттан жасалған салат және құймақ.

Испания

Асшаян қосылған күріш, көкөністер, нан және апельсин.

АҚШ

Картоп езбесі, ұнға аунатылған тауық еті, жасыл бұршақтар, жеміс-жидек десерті және шоколадты печенье. 

Бұл топтамада Sweetgreen сарапшылары өзге мемлекеттердің мектеп асханалары Америка мектептеріне қарағанда әлдеқайда нәрлі әрі сіңімді тағамдар береді деген ойға келіп отыр.