- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Американың білім беру...
Американың білім беру жүйесі қандай? #2
Америкадағы оқу жылы шамамен 170-186 күнге созылады. Балалар аптасына 5 күн оқиды. Күніне 5-6 сағат мектеп қабырғасында болады. Сабақ сағат 8.30-да басталып, 15.30-да аяқталады. Ережеге сәйкес, оқу жылы бірнеше семестрге бөлінеді.
АҚШ-ның білім жүйесіне төмендегілер кіреді:
- мектепке дейінгі білім беру мекемесінде 3-5 жас аралығындағы балалар оқиды;
- бастауыш мектепте (1-5 сыныптар) 6-11 жас аралығындағы балалар оқиды;
- орта білім беретін мектепте (6–8 сыныптар) 11-13 жас аралығындағы балалар білім алады;
- жоғарғы мектепте (9–12 сынып) 14-17 жас аралығындағы балалар оқиды.
Орта мектептер әртүрлі болады:
- академиялық;
- кәсіби;
- көп салалы.
9 сыныптан бастап көп салалы мектепте түрлі бөлім болады. Олардың ішінде ең көп таралғандары:
- академиялық;
- жалпылама;
- ақылы;
- өндірістік;
- ауыл шаруашылығы.
ЖОО-ға түсуге лайық білімді академиялық бөлім береді.
9-оқу жылында барлық оқушы тест тапсырады. Осы тестінің көмегімен олардың білім коэффициенті анықталады. Қортындысы 90-нан төмен болатын оқушылардың академиялық кәсіпті практикалық курспен алмастырғандары жөн.
Кәсіби мамандықтар оқушыны аты айтып тұрғандай кәсіби салаға дайындайды. Ал өндірістік мамандықтарда оқушылар уақыттарының тең жартысын шеберханада немесе көлікжайда өткізеді.
Сурет: rudaki.ru
Қ. Бүйенбай