Әкелер ерлігін дәріптеген онлайн шара

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, әкелер ерлігін дәріптеу мақсатында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев әдеби мемориалды музейі біраз іс-шаралар жасап жатыр.

Алматы облысының Жамбыл ауданында орналасқан үш мемориалды музейдің бірі Үмбетәлі Кәрібаев ауылында орналасқан. Музей жанында талантты оқушылар бас қосқан Жас суретшілер үйірмесі құрылған. Үйірмеде жалпы 38 бала, 2 топқа бөлінген. Бастауыш сынып оқушылары – 17 бала болса, жоғарғы сынып оқушылары – 21 бала.

Жас суретшілер Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай «Біз Жеңістің мұрагерлеріміз» атты сурет салу шарасын онлайн өткізді.

– Қазір еліміздегі оқушылардың барлығы қашықтан білім алуда. Оның ішінде сурет салу сабағы да бар. Биыл Жеңістің мерейтойы келе жатыр. Халқымыздың батырлығы мен ерлігін дәріптеу мен оны балаларға сіңдіру үшін суретшілері үйірмесінде арнайы шара өткіздік. Балалар онлайн сабақта отырып, жеңіске арнап сурет салды, – дейді үйірменің жетекшісі, ҚР Суретшілері одағының мүшесі, кәсіби суретші Әуелбек Ысқақов.

Төменде ұлағатты ұстаз Әуелбек Ысқақовтың графикалық суреттер топтамасымен қоса, оқушылардың салған туындыларын ұсынылған. Бұл – онлайн үйірме жұмысы.