Мектеп қабырғасында жүргізілетін пәндер ішінде әдебиетке аса мән бере бермейміз. Не үшін? Себебі, баяндау мен мазмұндаудан жалығамыз. Мұғалімдер тарапынан да көркем әдебиетке деген құлшыныс көп байқала бермейді. Алайда, болашақта сауатты жазып, ойымызды еркін жеткізіп, қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату үшін әдебиеттің ықпалы зор. Іргетасымыз дұрыс қаланса, кейін жақсы сөйлеп, орамды ой айтуға дағдыланамыз.
Мектепте әдебиет сабағы оқытудың, білім берудің жүйелі, жалғаспалы, бірізділік принциптерін басшылыққа ала отырып, жүргізілуі керек.
Ол төмендегідей кезеңдерден тұрады:
1-кезең: 1-4 сыныптар
2-кезең: 5-8 сыныптар
3-кезең: 9-14 сыныптар
1-кезеңнің негізгі мақсаты – оқуға, жаза білуге, мазмұндауға үйрету, көркем туындыға деген оқушы ынтасын қалыптастыру.
2-кезеңде көркем сөздің көркем шығармадағы ролі, маңызын танып-білу жұмыстары жүргізіледі. Оқу бағдарламасында талдауға ұсынылатын шығармалар жанрлық жағынан қамтылады. Көркем туынды туралы өз пікірлерін, ойларын айта білуге дағдыландыру.
3-кезеңде әдебиетті оқыту ауыз әдебиетін байытып, әдебиет тарихымен жалғастырылады. Оқушылар өз беттерімен көркем туындыны оқытуға, талдауға баулу, әдебиет тарихы, сыны, әдебиеттік ғылымнан білім беру, ақын-жазушы стилі, тілі, әдеби әдістер туралы үйрету.
Аталған кезеңдердегі қағидаларға бағына бермейміз. Әдебиетті жай оқып қоя салуға болмайды. Тереңіне қарай бойлауымыз керек. Ол үшін әр кезеңнің ерекшеліктеріне жіті тоқталып, мән беріп, білімге ден қою қажет. Әдебиетті сүйесіз бе? Ендеше, кірісіңіз!