Қазақстандық ғылыми-көпшілік OYLA журналының франшизасы Австралия мен Жаңа Зеландия шығарыла бастады. OYLA Youth Science деп аталатын журнал 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап ай сайын шығатын болады. Жаңа басылымның таралымы – 20 000 дана, аудиториясы – жас студенттер, мектеп оқушылары мен ересектер. Баспагерлер атап өткендей, журналды ғылыми пәндер мұғалімдері мен Жаңа Зеландияның ірі мектептері көріп, жоғары бағалады. Журналға oyla-science.com сайты арқылы жазылуға болады.
– Екі жылдың ішінде біз OYLA басылымының жиырма нөмірін шығарып үлгердік. Осы уақыт ішінде редакциямыз журналдың сапасын арттыруға жіті көңіл бөлді, сондықтан халықаралық нарыққа шығуымыз осы жұмыстың заңды жалғасы болар. Біз Қазақстаннан экспортталатын алғашқы интеллектуалды өнім екенімізді мақтан тұтамыз, – деді OYLA журналының бас редакторы Гамзат Бияров.
Қазіргі уақытта, тағы бірқатар елдердің баспашыларымен OYLA журналының франшизасын сатып алуға арналған келіссөздер жүргізіліп жатыр.