- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- Google қызметкерлері өз...
Google қызметкерлері өз балаларын компьютерсіз мектепте оқытады
Ebay компаниясының техникалық директоры өз балаларын компьютері жоқ мектепте оқытуды жөн көреді. Бұл әрекетті Силикон аңғарының Google, Apple, Yahoo, Hewlett-Packard сынды компаниялары да құптап отыр.
Бұл мектеп сырт көзге өте қарапайым көрінеді. Ішінде тақта, түрлі түсті бор, кітап сөрелері, энциклопедиялар, ағаш парталар, дәптерлер және қарындаштар бар. Оқушылар мен ұстаздар қалам, қарындаш, киім тігетін ине, саз балшық сынды жаңа технологияға қатысы жоқ заттарды пайдаланады. Бірде-бір экран жоқ. Мектеп оны үйде де, сыныпта да пайдалануға тыйым салады.
Өткен аптаның сейсенбісінде 5 сынып оқушылары қолдарына тоқыма жіп алып, бастауыш мектепте үйренгендерін қайталап көрді. Мамандардың айтуынша, оқушылар осы әрекеттері арқылы қиын тапсырмаларды шешуді үйреніп, ақпараттарды өзара жүйелі түрде орналастырып, есептеуді үйренеді екен.
Ұстаз 3 сынып оқушыларынан жылдам көбейтіп үйренуді талап етеді. Артынша «Бесті төртке көбейтсек, қанша болады?» деп сұрайды. Барлығы бірауыздан «20» деп жауап береді. Құдды сынып тірі калькуляторларға толып отырғандай.
2 сынып оқушылары тақпақ айтып тұрып, қолында асбұршаққа толы мүшекті айналдырып тұруға мәжбүр. Мұндағы мақсат - ми мен тәннің қызметін байланыстыру. Яғни екеуін бір уақытта жұмыс істеуге дағдыландыру.
Әлем саясаткерлері компьютері жоқ мектептерді төмен дәрежеліге балап, көп мектеп технологиямен жабдықталуға асығып жатқан кезде жоғарыдағы мектеп өз жұмысын жалғастыруда.
IT-технологияны жақтаушы мамандар компьютерлердің шығармашылық қабілетті арттырып, жылдам қозғалуға бағыттап, адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетіндігін айтады. Осы пікірді жақтаушы ата-аналар балаларын жаңа технологияны меңгеруге үйреткенше асығады. Үйіне олардың түр-түрін алып қойғысы келеді.
Ал Сіз қалай ойлайсыз? Оқушылардың жаңа технологияны ерте жастан меңгергендері дұрыс па?
Жалғасы бар...
Сурет: nis.edu.kz
Қ. Бүйенбай