Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда дайындық ҰБТ құнын төмендетуді тапсырды, сонымен қатар емтихан кезінде түлектердің үстелдеріне қосымша камера орнатылатынын айтты.
Министр биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа элементтер енгізіліп жатқанын атап өтті.
"Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, енді жеке басты анықтайтын және белгілі бір уақыттан кейін компьютерде кімнің отырғанын жазып алатын екінші камера орнатылады", - деді аппараттық кеңес барысында Білім және ғылым министрлігінің басшысы.
Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов дайындық тестілеудің қазіргі бағасын екі есеге төмендетуді тапсырды.
"Дайындық тест тегін, бірақ қаңтар мен тамыздағы ҰБТ ақылы. Мұғалімдердің біліктілік тестілеуі тегін, бірақ сынама тесті ақылы болды. Бағаларды реттеу керек. Тестілеу бағасын екі есеге төмендетуді тапсырамын. Мерзімі бір апта", - деді ол.
Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі ҰБТ тапсыру, магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау кейінге шегерілетінін хабарлаған болатын.