Ертеректе «Он үште – отау иесі» деп, он үш жасқа толған балаға жауапкершілік артылатын. Сағат сырғып, уақыт жылжыған кезде бұл заман ағымымен таным да өзгерді. Кәмелет жасқа толған әрбір азамат өз құқығын қорғай алады. 18 жас – балалықтан арылып, есейіп толатын кезең. Бұл жаста кейбірі білім қуып жүрсе, бірі отбасын құрады. Қазіргі жастар 18 жаста не істей алады немесе не істей алуы керек? Бұл сұраққа Стэнфорд университетінің ғалымдары былай жауап берген екен.
Басы
5. 18 жастағы әрбір азамат адамдар арасындағы мәселелерді өзі шеше алуы керек
Кикілжіңге ұласқан мәселені кәмелетке толған азамат өз бетімен шеше алуы тиіс. Ешкімнің көмегіне жүгінбей-ақ, ақты «ақ», «қараны» қара деп танып, қара қылды қақ жарып, әділеттілігін білуі керек.
6. 18 жаста адам жеңіс пен жеңілісті бірдей көтере білуі тиіс
Студенттік өзіндік жұмысы, шығармашылық жұмысы, қоғамдық жұмыс, оқытушының сыни пікірі, коменданттың ескертуін үлкен азамат ретінде салқынқанды қабылдау қажет. Емтиханнан бестік алса, арқасын кеңге салмай, келесі сынаққа дайындалып, өз-өзін қолға ала білуі керек. Жеңілісті сәттерде де салы суға салынбай, тауы шағылмай, өз-өзін қайрай алуы тиіс. Бұл сынақтан өте алған кез келген азамат үлкен өмірде де дауылдарға шыдай алатын болады.
7. 18 жастағы азамат "мал" тауып, оны үнемді жұмсай алуы қажет
Жұмысты толық күн атқармаса да, штатта болмаса да, белгілі бір істің «құлағында ойнап», тәжірибе жинауы тиіс. Студенттердің басым көпшілігі мейрамханаларда даяшы, дүкендерде сатушы-кеңесші қызметінде жұмыс жасайды. Осындай сатылардан биікке көтерілу әлдеқайда жеңілірек. Ал, білім-ғылымға беті ауған азаматтар 18 жасында-ақ дипломдық жұмыс жазып немесе өз мамандығына сәйкес қызмет табады. Қай салада жұмыс істесе де, тапқан табысын үнемді әрі ақылмен жарата алуы керек. Мұның нәтижесінде жасөспірімнің жауапкершілігі артады, өзін тұлға сезінетін болады.
8. 18 жасқа толған жасөспірім тәуекел деген ұғымды сезіне алуы тиіс
Тәуекел кей сәтте жеңіс сыйласа, кейде жеңіліске әкеп соқтырады. 18 жасқа толған жасөспірім түйсік арқылы барлық істің арты не боларын болжай алуы тиіс. Тәуекелге бел буа алған адам өзіне өзі бек сенімді болуы керек. Сеніммен атқарылған іс те жемісті болатынын ұмытпаған абзал.