Балқаш қаласындағы №15 мектеп-лицейге ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі берілді. Бұл туралы ҚР нормативті құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайты хабарлады. Әлихан Бөкейхановтың есімін Балқаш қаласының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесінің Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі қалалық мемлекеттік мекемесіне берілсін, - делінген Үкіметтің 2018 жылғы 24 мамырындағы №286 қаулысында. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Әлихан Бөкейхан -көрнектіқоғамжәнемемлекетқайраткері, ұлт-азаттық жәнеАлашқозғалысының жетекшісі,Алашордаавтономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Айта кетсек, 2016 жылы№15 мектеп-лицей КММ ұжымы Әлихан Бөкейхановтың есімін ардақтап, ұрпақтар есінде мәңгі сақтау мақсатында мектепке атын беру мәселесін көтерген болатын. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының қалалық филиалының алқамүшелері мен зиялы қауым өкілдері де аталған бастамаға үн қосып, қолдау білдірген-ді. ult.kz