- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 12 жылдық оқу...
12 жылдық оқу жүйесі қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Жалпы білім беру жүйесінің құндылығы жыл санап артып келеді. Өйткені, білуге деген құлшыныс, дағды мен әдеттер бала кезінде негізі қаланатындықтан, оның маңызы жоғары екенін бірден ұғуға болады. Сонымен қатар, мектептің білім жүйесінің сапасын арттыру арқылы дарынды балалармен жұмыс істеу мүмкіндігін арттыруға болады.
Әлемдік стандартқа сәйкес білім жүйесін енгізу Қазақстанға бірнеше мақсатқа еркін қол жеткізуге жағдай жасайды. Біріншіден, экономикалық тұрғыдан дамыған елдермен өзара бәсеке қабілетті болу үшін білім азаматтарды дайындауға мүмкіндік береді. Екіншіден, жан-жақты, әрі сапалы білім иегерлерін, яғни болашақ кәсіби маман иесін дайындауда басты рөл атқармақ. Сонымен қатар, білім алушы өзіне сәйкес келетін білім беру бағдарламасын таңдай алады.
Мектепте білім алу уақытының ұзаруы жалпы білім алу жүйесіндегі тың өзгерістердің бірі болмақ.
12 жылдық білім жүйесі тек бәсекеге қабілетті жастарды дамытып қана қоймай, олар әлеуметтік және экономикалық жағдайдың өзгерісіне қарамастан еркін өмір сүре алатын, сонымен қатар, оның оң бағытта өзгеріске ұшырауына әсер ететін тұлға дайындауға септігін тигізбек.
Қазақстанның білім жүйесінің 12 жылдыққа ауысуы маңызды стратегиялық міндетті қалыптастыруға көмектеседі: шетелдік жүйемен бәсекелесе алатын ұлттық білім беру жүйесінің жаңа үлгісін қалыптастыру.
12 жылдық білім жүйесі арқылы 136 елдің оқушылары білім алу үстінде. Олардың қатарында, Аустраллия, Канада, АҚШ, Франция және Жапония секілді дамыған мемлекеттер бар.
12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу арқылы біз мынаған қол жеткіземіз: жаңа мақсаттар, заманауи сипаттағы білім жүйесі және әлемдік білім кеңістігіне еліміздің білім жүйесін кіріктіру.
Сонымен қатар, жаңа білім беру жүйес оқушылардың қызығушылығы, қажеттілігі мен мүмкіндігін жан-жақты қарастыратын болады. Оқушылар үшін жеке сабақ алу мүмкіндігі туады.
Т. Есқали