- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 12 жылдық жалпы...
12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасының негізгі бөлімдері
Алдағы уақытта әлемдегі көшбастаушы елдердің қатарына қосылу үшін жоғарыдағыдай факторларды жоятын жаңа білім жүйесін қалыптастыру қажет болды. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын ұсынған болатын.
Аталған тұжырымдама ескі жүйеден табылатын диагностикалық мақсаттың болмауы, жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге бағдарлануы, жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің жеткілікті дамуына қажетті деңгейде көңілдің бөлінбеуі сынды кемшіліктерді ескере отырып, келер ұрпақтың адами құндылықтардай аттамай, үлкен жетістікке жетуге қабілетті болуын қамтамасыз етеді.
Осындай азамматтар тәрбиелеу арқылы мемлекетімізді алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосуға ықпал ететін жаңа білім беру жүйесі төмендегі бөлімдерден тұрады:
1. Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибелерге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі.
2.12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
3. Жалпы орта білім беру құрылымы.
4. Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
5. Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
6. Педагогикалық кадрлар.
7. Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
8. Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9. 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
А. Оралқызы