- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 12 жылдық білім...
12 жылдық білім жүйесі негізіндегі бағалау үрдісі
Мектептегі оқу үрдісі кезінде бала санады түрде бір-бірімен тығыз байланысты мынандай білім салалары бойынша даму жүйесінің негізгі баспалдағын аттайды: тіл және әдебиет, математика мен информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, өнер, технология мен дене шынықтыру. Бұл пәндер бойынша баланың алған білім сапасы қалай бағаланады?
– Оқушы өзінің бұл салаларға сәйкес білімі бойынша нақты бағасын алатын болады. Яғни, тек білім көрсеткіші ғана емес, оның адами және ұлттық құндылықтарды өмірінде қолдана алуымен өлшенеді.
– Оқушылардың жетістігін бағалау құрылғысы ретінде жинақ баллдық жүйе іске қосылады.
– Оқушылардың күнделікті тапсырмаларды орындауы арқылы бағаланады.
– Жеке өнімді бағалау құрылымының маңызы артады. Яғни, оқушаларды бағалау портфолио әдісі арқылы іске аспақ.
Бұл білім салаларының негізінде қалыптасатын білім мен дағдылар бала бойындағы қоғаммен байланысу, адамдармен араласу, бағалау дағдысы мен алған білімді күнделікті өмірде еркін қолдану мүмкіндігін арттырмақ.
Күткен оқу нәтижесіне қол жеткізу (оқу жүйесіндегі мақсаттар нәтиже арқылы беріледі), сонымен қатар, нақты, дәл ақпарттар көзіне қанық болу (сапалы әрі мол), шешім қабылдай білу, сұрақтар қою және белгілі бір тақырыпта өз пікірін білдіру білім ұйымдарының тиімділігін арттырып, барлық білім жүйесіндегі бағалау үрдісіне өзіндік өзгеріс енгізеді.
Т. Есқали