Қазақстан Республикасы дамушы елдер қатарынан дамыған елдер қатарына өту үшін оның азаматтары жоғары сауатты және бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Ол үшін мемлекет орта білім мазмұны, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап етеді. Осыған орай мемлекет мектепте 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіп отыр. Жүйенің мақсаттары:
Құндылықты-бағдарлы құзыреттілік – оқушының қоршаған ортаға бейімдеуі, адами құндылықтар негізінде қоғам өмірінде өз рөлін таба білу қабілеті, азаматтылығы мен ұлтжандылығы. Бұл құзіреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін қамтамасыз етеді: Отанының патриоты болу, азаматтық белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
Мәдени-танымдық құзыреттілік – жалпы адамзаттық мәдени жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдени негіздерін, этномәдени құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу.
Когнитивтік құзыреттілік – оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдақ процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін қарастырады.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдану білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынаста шет тілінде қатынас дағдыларын қарастырады.
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай алу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу, интерпретациялау білігі.
Әлеуметтік өзара қарым-қатынас құзыреті әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басы мен қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы таңдай алуды қарастырады.