12 жылдық білім беру жүйесінің артықшылықтарын алдыңғы материалда жазған едік. Бүгін көшудің кезеңдеріне, оның қалай жүзеге асатыны туралы ақпаратқа кезек берейік.
2011-2014 жылдары – даярлқ кезеңі
Білім беру ресурстары орталығы ұйымдастыру моделінде ғылыми зерттеуді жалғастыру.
Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешенін, стандарттарды қайта даярлау. Бұл кезеңге қатысты жұмыстың жартысынан көбі орындалып қойды десек те болады. Қазіргі балалар тәуелсіздік алған жылдардағы жеткіншектерге қарағанда ерте жетіледі, ой-өрісі, ойлау қабілеті, тіпті сөйлеу мәнері де ерекше. Сол себепті бұл оқушылар бұрынғы оқулықтармен, ескі әдіс-тәсілдермен оқытуды қанағат тұтпайды. Болашақтың кілтін қолына алатын балаларды жақсылап жетілдіреміз десек, оқу бағдарламаларын жыл сайын жетілдіріп отырудың өзі артықтық етпейді.
Оқуды дараландыруға бағытталған оқыту технологиясын меңгеру. Әр бала ертеңгі жеке тұлға. Сол себептен оларды оқытатын тәсілдерді де бұрынғы стильдерге ұқсамайтын, дара етіп жасау аса қажетті.
Бағалауда баллдық-жинақтық жүйені және оқушының оқудағы жетістіктерін өлшеуді қайта жасау. Ежелгі оқу үдерісінде екілік, үштік, төрттік, бестік деген секілді баға қою болмаған. Ұпаймен де есептемеген. Біледі-білмейді, игерді-игермеді деген секілді плюс, минуспен ғана білім деңгейін есептеген. Осындай жүйеге қайта келіп, қазіргі Назарбаев зияткерлік мектептеріндегідей бағалау жүйесін ақырындап барлық мектепке енгізсек, біз баланың санасындағы баға үшін оқу деген стереотиптен арыламыз.
Бейінді мектеп моделін қайта құру. Оқыту жүйесінде институционалдық формаға да қазіргі жүйе зәру болып отыр.
Ұйымның жаңа аспектілерін есепке алатын педагогтің статусына байланысты құқықтық құжаттарды қайта даярлау кезеңі.
Мұғалімдерді қайта даярлап, біліктілігін арттыру. Мектеп қабырғасын аттамай жатып түрлі үйірмелерге, курстарға қатысып, біраз мәліметтен сауатын ашып үлгеретін балаға мұғалімдердің бұрынғы білімділігі, біліктілігі аздық етеді. Жетілген, дамыған балаларды оқыту үшін алдымен ұстаздарынан бастап қайта оқытып, жаңа жүйеге дағдыландырып, креативті әдіс-тәсілдерді меңгерту қажет.
Мемлкеттік-қоғамдық басқару моделін енгізу және қайта құру.
Материалдық-техникалық базаны жетілдіру. Компьютер кластарындағы, технологиялық кабинеттердегі, барлық сыныптағы материалдарды, құрылғыларды жаңалау. Оқушыларға барлық жағдай жасау үшін ақша бөлу.
2015 жылы 12 жылдық білім беру жүйесіне бірінші, бесінші, он бірінші сыныптарды өткізуді бастау.
2016 жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне сатылап көшу.