- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 12 жылдық білім...
12 жылдық білім беру жүйесі: Жаңа білім моделіне сай педагог кадрлар
Мемлекеттің кадрлар дайындау саясатының басты мақсаты - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті интеллектуалды және кәсіби ресурстарды құру, бұны қазақстандықтардың сапалы білімінсіз жүзеге асыру мүмкін емес.
Нәтижеге бағдарланған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысуға орай психологиялық-педагогикалық кадрларды кәсіби даярлауды ұйымдастырудың мақсаттары, мазмұны мен технологиялары туралы мәселе өзекті бола түсті. Осы мәселенің әдістемелік шешімдерінің бірі құзыреттілік тәсілдеме болып табылады. Оған сәйкес кәсіптік оқыту мақсаты мұғалім мен мектеп психологының кәсіби және жеке құзыреттілігін қалыптастыру болып табылады.
12 жылдық білім беру жаңа моделіне сай педагог кадр бірқатар құзыреттердің жоғары деңгейіне ие болу керек:
Арнайы құзыреттілік - кәсіби әрі жоғары деңгейде жұмыс істей білу және одан әрі кәсіби дамуы;
Әлеуметтік құзыреттілік - бірлескен (ұжымдық, топтық) кәсіби қызметпен айналысу, білім беру үдерісін басқару бойынша қабылданған кәсіби қарым-қатынас техникасын пайдалану;
Білім беру құзыреті - білім беру ісіндегі кәсіби білім дағдыларын дамыту мен білім беру ісіндегі мақсаттарды қоюға қызығушылық таныта білу, білім беру ісінде шығармашылықты дамытуға ынталандыру, педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдану мүмкіндігін толыққанды пайдалану.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, 12 жылдық білім беру жаңа моделіне сай педагог - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
А. Оралқызы