- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 10 жылда (2009-2019)...
10 жылда (2009-2019) қанша оқушы мектеп бітірді?
Фото:
massaget.kz
Бүгін еліміздегі мектептерде соңғы қоңырау соғылып, түлектер алтын ұяларымен қоштасты. Биыл 143 089 оқушы мектеп бітіруде.
Статистикаға көз салар болсақ, 10 жыл ішінде 1 598 641 оқушы үлкен өмірге қадам басқан. Ең жоғары көрсеткіш 2012 жылы тіркелген. Осы жылы 172 762 оқушы мектеп бітіріпті.
10 жыл ішіндегі мектеп бітірушілер саны:
2009 жыл – 152 199 оқушы;
2010 жыл – 142 976
2011 жыл – 151 448
2012 жыл – 172 762
2013 жыл – 168 774
2014 жыл – 149 895
2015 жыл – 133 309
2016 жыл – 129 406
2017 жыл – 127 369
2018 жыл – 127 414
2019 жыл – 143 089
Айта кетейік, биыл 77 мыңға жуық оқушы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген. Оның ішінде 7 500 түлек "Алтын белгіден" үмітті.
Н. Үсенова