- Негізгі бет
- Мектеп өмірі
- 1 қыркүйектен бастап...
1 қыркүйектен бастап бірінші сынып оқушылары 5 күндік оқу жүйесіне көшеді
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап республикадағы жалпы білім беретін мектептердің бірінші сыныптары бес күндік оқу аптасына көшеді. ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, бірінші сынып оқушылары 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін оқиды. Осылайша бірінші сынып оқушылары 2017 жылдан емес, осы жылдан бастап 5 күндік оқу жылына ауысады.
Келесі қадамға сәйкес 2017 жылы екінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы сынып оқушылары 5 күндік оқу аптасына көшеді. 2018 жылдан бастап қалған сыныптар жаңа оқу жүйесіне бет бұрады.
Бес күндік білім беруге көшу білім беру бағдарламасының жаңартылуына байланысты болып отыр. Жаңа білім беру бағдарламалары осыған дейін айтылғандай Назарбаев Зияткерлік Мектебі бағдарламасына негізделеді. Білім беру бағдарламалары үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес функционалдық сауаттылыққа негізделеді.
Қазір министрліктер барлық мектепті бес күндік оқуға көшуі амалдарын қарастыруда. "Алайда бұл мәселені шешу үшін тездетілген кесте негізіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту бойынша толық есеп жүргізу керек. Сонымен қатар үш ауысыммен оқитын мектептер мәселесін де жете қарастыру қажет", − делінген министрлік жолдаған хабарламада.
Дереккөз:Tengrinews.kz
С. Ерсін