Биыл республика бойынша әрбір 1 сынып оқушысына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы сыйлыққа ұсынылады, - деп хабарлады bnews.kz порталы.
Президенттің «Менің Отаным – Қазақстан» атты кітабымен балғындар алғашқы оқу күнінде танысатын болады. Жалпы Білім және ғылым министрлігі бекіткен ереже бойынша биыл 36 мектепте жаңа бағдарлама бойынша сабақ берілетіні мәлім болды. Жергілікті және өңірлік бюджеттен оқулықтарды жаңартуға 13 млрд теңге қаражат бөлінген.
Соңғы мәлімет бойынша, елдегі барлық оқу орындары қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілген. Ал ата-аналар қосымша жұмыс дәптері, контурлық карталар мен басқа да тиісті көмекші құралдарды өз есебінен сатып алуда.