- Негізгі бет
- Мәңгілік ел
- "Зейнетақы мен барлық...
"Зейнетақы мен барлық әлеуметтік төлемдер 10 пайызға индексацияланады" – Қ. Тоқаев
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналардың тікелей эфирінен еліміздегі төтенше жағдайға және мемлекеттік экономика мен әлеуметтік дағдарысқа байланысты мәлімдеме жасады. Президент барлық әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды индексациялауды мәлімдеді.
"Зейнетақы мен барлық әлеуметтік төлемдер 10 пайызға индексцияланады. Мен зейнетақыларды және барлық мемлекеттік жәрдемақыларды, оның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті жылдық есептің 10 пайызын индексциялауды тапсырамын. Бұл біздің азаматтарымыздың тиісті санаттарының кірістерінің жалпы сомасы 200 миллиард теңгеге ұлғаюын білдіреді", - деді Президент республикалық телеарналардың эфирінде сөйлеген сөзінде.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа шағын және орта бизнес өкілдерінен ашық хабарлама жарияланған болатын. Хатта ұлттық валютаның тұрақсыздануы және COVID-19 пандемиясына байланысты мәжбүрлі шектеулерге ұшыраған ШОБ үшін ұсынылған шаралар көрсетілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнес өкілдеріне олардың сұраулары мен ұсыныстарын талдауға уәде берген еді.
Т. Раушанұлы