Ұлттық Банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаржы институттарына 600 миллиард теңге бөлу туралы түсініктеме берді. ҚР Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру атты жолдауы бойынша берген тапсырмаға сәйкес, Ұлттық Банк Қазақстан экономикасы нақты секторының басымдығына ие болған жобалары бойынша қолжетімді кредит беруді қамтамасыз ету үшін 600 миллиард теңге мөлшерінде ұзақ мерзімді өтімділік беруді жоспарлап отыр. Қазір Ұлттық Банк ҚР Үкіметімен бірлесіп қаражатты аудару талаптары мен тетігін белгілеу жұмысын жүргізуде. Аталған соманы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерінен аудару, сондай-ақ банктердің 2018 жылғы облигациялық бағдарламасына сәйкес пайдаланылмаған 200 миллиард теңге қаржыны аудару мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Бұл өтімділік қазіргі нарық шарттарын ескере отырып, мерзімдік, ақылы және қайтарым принциптерімен орындалады. Зейнетақы активтері инвестицияланған жағдайда БЖЗҚ салымшыларының орта мерзімді кезеңде инвестицияланатын қаражаттан нақты кіріс алуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беріледі.