Ұлт жоспары: Бірнеше тіл меңгерген бәсекеге қабілетті кадр

Ұлт жоспары: Бірнеше тіл меңгерген бәсекеге қабілетті кадр
Фото: massaget.kz

Алдағы уақытта әлемдегі көшбастаушы елдердің қатарына қосылу үшін  жаңа білім жүйесін қалыптастыру қажет болды. Осы орайда елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз реформа тұжырымдамасын ұсынған болатын. "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 79-қадамы бүгінгі мақаламыздың негізі болмақ. 79-қадам білім беру жүйесінде жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуді қарастырады.

Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру.  

Ел дамуындағы бес институционалды реформаны жүзеге асыруда "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының алар маңызы зор. Ұлт жоспарының екі басты мақсаты бар.

Біріншісі – Қазақстанның 2050 жылға дейінгі әлемнің 30 дамыған елінің қатарына кіруі. Екіншісі – Экономикалық серіктестік пен даму Ұйымына мүше мемлекеттердің стандарттарын жүзеге асыру.

Бұл әл-ауқаты күшті мемлекеттердің қатарына біздің Қазақстан да енуге ұмтылу жолында екенінің айқын дәлелі. "100 нақты қадам" жоспарын жүзеге асыруда жастарға қатысты.

79-қадамда Елбасымыз жастарға, әсіресе болашақ педагог мамандарына: "Білім беру жүйесінде – жоғары сыныптар мен ЖОО-ларда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшу. Басты мақсаты – даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру" қажеттігін басып атап, нақты тапсырма жүктеген.

Қазірде студенттер заман талабымен қатар жүзіп, студенттері ағылшын тілін меңгеруге күш салып келеді. Бұл университет студенттерінің Елбасы тапсырмасын жүзеге асыруда қосқан үлестерінің бірі деуге болады. Елімізді мәңгілік елге айналдыру үшін бәсекеге қабілетті 3 тілді меңгерген жастарды тәрбиелеу басты мақсат болып табылады. 

Оқу үдерісін үш тілдік оқыту бағдарламасы жағдайында басқару, өз кезегінде,  неғұрлым тиімді әрі нәтижелі оқытуға алып келеді.

Сондай-ақ, жаңа үштілдік оқу жүйесіне өту арқылы қазіргі заман талабына сай аз уақыт ішінде тілдерге қатысты материалдардан бөлек, өзін-өзі  басқару сынды жеке қасиеттерін дамыту бағытындағы ауқымды ақпарат алып, қарқынды даму дағдыларын оқушылар бойына сіңіру мүмкіндігі ашылады. 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған үштілді оқыту бағдарламасы төмендегідей негізгі принциптерін жүзеге асыруды мақсат тұтады: білім демократияландыру және ізгілендіру;  басқарудағы жүйелілігі мен тұтастығы;  орталықтандыру мен орталықтандырылмаудың ұтымды үйлесімі; өзін-өзі басқару мен алқалылық бірлігі арасындағы қарым-қатынас ;  басқарудың ғылыми негізділігі;  ақпараттың объективтілігі, толыққандылығы және жүйелілігі. Өзге тілдерді үйрету үдерісі мынадай принциптерге негізделеді:  білім берудің шығармашылық сипаты;  білім берудің үйретушілік сипаты; оқыту барысында оқушының автономиясын дамыту;  оқыту коммуникативтік сипаты; өзге тіл өкілдерінің мәдениетін үйрету; мәдени, сөйлеу  және оқыту тәжірибелеріне арқа сүйеу.

Үштілдік білім беру бағдарламасы, ең алдымен, өздері мақсат тұтқан құзыреттіліктерге қол жеткізу жолында жұмыс істейді. Бұл жолды аталған құзыреттілтерді әр оқушының білуі және соған жету мақсатында аянбай еңбектенуі парыз. Мұндай бағдарлама шеңберінде білім алған келер буын өкілдері елді алға жетелейтін негізгі күш болмақ. 

А. Оралқызы