Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Қазақ хандығы - 550 жыл / Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды,  деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың пікірінше, қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз", − деді жазушы Смағұл Елубай.

Еске салайық, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериалдың түсірілетіні хабарланған болатын. Бұл туралы 2014 жылы қараша айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын. "Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келеді. Алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Сериал 2015 жылдың қаңтарында түсіріле бастайды", − деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингінде.

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: massaget.kz
Қосылған күні: 23 ақпан 2016, 12:01

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.