Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Түп тамыр / Қазақ хандығы - 550 жыл / Қазақ хандығы туралы қандай кітаптар бар?

Қазақ хандығы туралы қандай кітаптар бар?

Қазақ хандығы туралы қандай кітаптар бар?

2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай оқырмандардың сұранысына ие кітаптар мен еңбектер топтастырылды. Қазақ хандығының құрылымы мен саяси өміріне негізделіп жазылған кітаптар аз емес, соның бір парасын назарларыңызға ұсынамыз.

"Көшпенділер"

Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер" атты алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы бүгінгі күні Қазақ Хандығына қатысты деректері мол көркем шығармалардың көшін бастайды. Бұл шығарма - қазақ сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі, партиялық идеологияның қылышынан қан тамып тұрған уақытта дүниеге келген шығарма. Трилогия "Алмас қылыш", "Жанталас", "Қаһар" деген бөлімдерден тұрады.

Көшпенділер трилогиясында бес ғасырлық оқиға, яғни, XV-XIX ғасыр аралығындағы Қазақ хандығы өмір сүрген кезең суреттеледі.

1. Алмас қылыш романында ХV–ХVІ ғасырларда Қазақ Хандығының құрылуы, Әбілқайыр, Жәнібек, Керей хандардың тақ үшін таласы, қазақ руларының бірлесу идеясы суреттеледі.

2. Жанталас романында ХVІІ –ХVІІІ ғасырлардағы Қазақстанның шетел басқыншыларымен күресі және Әбілқайыр ханның Қазақстанның Батыс бөлігімен Ресей патшалығы қол астына кіруі сипатталады. Қалмақ хандығының қазақ еліне опасыздық шапқыншылығы, Алакөл маңайында, Ордабасы өңірінде болған қырғын ұрыстар, Ресей патшалығының қол астына кірген Әбілқайырдың түпкі армандарының жеке басындағы түңілістері туралы жазылған.

3. Қаһар романында ХVІІІ ғасырда Абылай хан бастаған қазақ халқының қалмақ басқыншыларын біржолата талқан етуі, Абылайдың қазақ елін дербес Қазақ хандығына біріктіру әрекеттері және Абылай хан мен оның батырларының ел тәуелсіздігі үшін күрестегі ерлік, даналық істері баяндалады. Абылай ханның қазақ елін біріктіру жолындағы жанталас күйзелістері суреттеледі.

Шығарма кейіпкерлері – негізінен, тарихи тұлғалар, Шыңғысхан дәуірінен басталып Кенесарымен аяқталатын қазақ мемлекетінің бастау көзі мен қиын-қыстаулы тағдыр-талайының басында тұрған хандар тізбегі, ел мұңы мен арман-тілегінің хабаршысы – ақын-жыраулар, ел мен жер үшін, ұрпақ болашағы үшін жан аямай шайқасып, Отанын қорғай білген арыстан жүрек, атан жілік батырлар. Бұлар – ел есінде аттары жатталып, тарихта қалған, өмірде болған тұлғалар.

1. Алмас қылыш романында - Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Керей хан

2. Жанталас романында - Қасым хан, Хақназар хан, Абылай хан, Бұқар жырау

3. Қаһар романында - Асан қайғы, Қазтуған, Кенесары хан, Ағыбай батыр сияқты тарихи, аты аңызға айналған тұлғалар басты кейіпкерлер ретінде суреттеледі.

 "Қазақтың Қасым, Хақназар хандары"

"Үшқиян" баспасынан жарық көрген "Қазақтың Қасым, Хақназар хандары" атты кітапта ХVI ғасырда Қазақ мемлекетін қалыптастырып, халықаралық аренаға шығарған Жәнібек хан баласы Қасым хан, онан кейін қайта ыдырап, әр елдің қарамағына кеткен қазақтың жерін, елін қайтарып басын біріктірген Қасым хан баласы Хақназар хан туралы тарихи деректер топтастырылған. Бұл кітапты құрастырушы Хақназар ханның тікелей ұрпағы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Бүкіләлемдік Шыңғысхан академиясының құрметті академигі Жантеке Қалилаұлы Жәрімбетов.

"Тарих-и-Рашиди"

Осы орайда Қазақ Хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректерді де айта өткен жөн. Соның бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың "Тарих-и-Рашиди" атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ Хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген.  Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді.

"Қазақ Хандығының құрылу тарихы"

"Қазақ Хандығының құрылу тарихы" деп аталатын еңбектің авторы – профессор, тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев. Мерейтой қарсаңында шыққан ғылыми еңбекте Қазақ хандығының құрылу барысы мен тарихи кезеңдері жазылады. Сондай-ақ этникалық және саяси мәселелер де терең зерттелген. Автор кітапты шығыс деректерінен алған мәліметтерге сүйене отырып жазған.

"Қазақтың ханы - Абылай"

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Зарқын Сыздықұлы Тойшыбайдың "Қазақтың ханы - Абылай" атты 2 томдық кітабы бар. Зарқын Сыздықұлының бұл еңбегінде зерттеу институттары мен әртүрлі зертеушілер жинаған құжаттардың барлығы жинақталып, ресми деректердің ең құндылары ғылыми тұрғыдан топтастырылған. Бұрын газет-журналдар мен кітаптарда шашырап жүрген деректер қолымызға дайын күйінде тиіп отыр. Екі кітаптың негізінде Абылай және оның заманына байланысты бірнеше тақырыптық монография да жазуға болады.

Кітап "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Ел-шежіре" қоғамдық қорынан 2000 данамен басылып шыққан.

"Абылай хан әулеті" және "Барақ сұлтан әулеті"

Шежіреші Арман Қияттың "Абылай хан әулеті" және "Барақ сұлтан әулеті" кітаптары хандар шежіресінен мол деректер береді. Шежіре-кітапта Абылай хан мен Барақ сұлтаннан тарайтын ұрпақтардың өмірі жайлы деректер топтастырылған.

Дайындаған: Шерхан Талап
Қосылған күні: 24 ақпан 2019, 11:42

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.