Қазақстан тарихынан онлайн тест

Қазақстан тарихынан онлайн тест

Қазақстан тарихы пәні бойынша онлайн тест сұрақтарына жауап беру арқылы өз біліміңізді сынап көріңіз.

1.Қай жылы Медеу мұз айдыны пайдалануға берілді?
A) 1958
B) 1982
C) 1977
D) 1964
E) 1971 


2.Қара теңіздің бойындағы скифтер сақтардың қай тайпасының ұрпақтары?
А) аримаспылар 
В) дай 
С) массагет 
D) кемер 
Е) хаомаварга


3. Алтын адамның бас киіміндегі 4 найза нені білдіреді?
А) бас киімді әрлеу мақсатында ғана қолданылған
В) сақтардың негізгі төрт тайпасы болғанын білдіреді.
С) батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік бағыттарын білдіреді.
D) Алатаудың ең биік төрт шыңын білдіреді.
Е) Сақтардың негізгі шекаралық аймақтарының төртеу болғанын көрсетеді.


4. Сақтардың тиграхауда, парадария және хаомаварга болып үшке бөлінгендерін қай тарихи ескерткіш дәлелдейді?
А) Тоныкөк ескерткіші
В) Анарыстың жазбалары
С) Геродоттың "Тарих" кітабы
D) Дарий жазбалары
Е) Ахамендік сына жазуы


5. Оғыздардың тотемі болған жануар қайсы?
А) жылқы
В) қасқыр
С) қой
D) түйе
Е) дұрыс жауап жоқ


6. Астрахань қаласының ежелгі атауы қандай болған?
А) Қажы Тархан
В) Арда Тұрхан
С) Асқар хан
D) Барыс хан
Е) Айкере хан


7. Бұхараның Құмышкент деген жерінде жерленген қазақтың ханы кім?
А) Бұрындық хан
В) Салқам Жәңгір хан
С) Тәуекел хан
D) Тәуке хан
Е) Шығай хан


8. "Дулыға" атты тарихи еңбектің авторы кім?
А) Құлмат Өміралиев  
В) Қойшығара Салдарұлы  
С) Тұрсын Жұртбай 
D) Қаржаубай Сартқожаұлы 
Е) Мұрат Аджи 


9. Есім ханға "Еңсегей бойлы ер Есім" деп баға берген жырау кім?
А) Шалкиіз
В) Қазаңғап  
С) Ақтамберді  
А) Доспамбет 
Е) Бұқар


10. Ғұндар туралы дерек беретін "Таным тармақтар" еңбегінің авторы кім?
А) Қойшығара Салғарин
В) Әлкей Марғұлан 
С) Кемел Ақышев
D) Болат Көмеков 
Е) Халел Досмұхамедов


11. "Амангелді" фильміне сценарий жазған жазушы кім еді?
А) Тахауи Ахтанов 
В) Асқар Сүлейменов   
С) Оралхан Бөкей  
D) Сабит Мұқанов 
Е) Ғабит Мүсірепов 


12. Қазақтың қай қаласында түркі руна жазуы табылды? 
А) Сайрам (Исфиджап) 
В) Отырар 
С) Қызылорда
D) Тараз 
Е) Сауран


13. Қазақтың тұңғыш филология ғылымдарының докторы атанған ғалым кім?
А) Ермұхан Бекмаханов 
В) Сабит Мұқанов 
С) Санжар Аспандияров 
D) Қаныш Сәтбаев 
Е) Мұхтар Әуезов


14. "Самұрық" ұлттық қазына қоры қашан құрылды? 
А) 2001
В) 1997 
С) 2006  
D) 2008 
Е) 1994 


15. 1915-1918 жылдары Уфадағы Ғалия медресесінде "Садақ" журналын шығарған редакторлар кімдер?
А) Ө.Қонақин, Ә.Асылбек
В) А.Байтұрсынов, М.Дұлатов 
С) С.Сейфуллин, М.Сералин
D) Б.Майлин, Ж.Тілепбергенов 
Е) С.Оспанов, С.Есова


16. "Ақтабан шұбырынды" сөзін ғылыми айналымға енгізген ғалым кім?
А) М.Мағауин
В) Әбіш Кекілбаев  
С) М.Тынышбаев 
D) Халел Досмұхамедов 
Е) А.Байтұрсынов


17. Төл заңымыздың қазақша мәтінін жазған заңгер кім? 
А) Әкім Ысқақ  
В) Өмірзақ Шөкеев 
С) Ермұхамед Ертісбаев 
D) Қайрат Келімбетов 
Е) Қуаныш Султанов 


18. Елімізде тұңғыш құрылған қорық қалай аталады? 
А) Батыс-Алтай 
В) Алакөл
С) Ақсу-Жабағылы 
D) Марқакөл 
Е) Қорғалжын 


19. Қазақстанның Тәуелсіздік Декларациясының авторы кім? 
А) Нұртай Абықаев 
В) Аслан Мусин 
С) Иманғали Тасмағанбетов  
D) Салық Зиманов 
Е) Тимур Кулибаев 


20. "Менің Қазақстаным" (қазіргі ұлттық әнұран) алғаш рет қашан орындалған?
А) 1973 жылы 
В) 1986 жылы 
С) 1961 жылы 
D) 1959 жылы 
Е) 1956 жылы 


21. Тұңғыш қазақ театрының шымылдығын ашқан қай қойылым? Режиссері: Жүсіпбек Аймауытов
А) "Абай" 
В) "Біржан Сал"
С) "Қорқыттың көрі" 
D) "Ақан Сері-Ақтоқты"
Е) "Амангелді" 


22. Қазақ хандықтары туралы толық мағлұмат беретін, М.Х.Дулатидің "Тарихи-Рашиди" еңбегін қазақшаға аударған тарихшы ғалым кім?
А) Болат Көмеков
В) Ислам Жеменей  
С) Қаржаубай Сартқожаұлы  
D) Мырзатай Жолдасбеков   
Е) Ғалым Ахметов 


23. ҚР ҰҒА-ның Тарих және этнология Институтының директоры кім?
А) Болат Көмеков 
В) Темірхан Медетбек 
С) Мәмбет Қойгелді 
D) Тұрсынбек Кәкішев 
Е) Тұрсын Жұртбай


24. Сайрам қаласына "Исфиджап" деп кімдер атау берген?
А) арабтар
В) қытайлықтар 
С) парсылар 
D) татарлар 
Е) монғолдар


25. Қызылорда қаласынан 300 км қашықтықта орны табылған көне сақтардың қаласы
А) Ясы 
В) Отырар 
С) Шірік-Рабат
D) Сауран 
Е) Сарайшық 


26. Қытай тарихының атасы Сыма Цянь қай тайпа туралы дерек қалдырған? 
А) Үйсін
В) Қыпшақ
С) Алан 
D) Оғыз  
Е) Массагет 


27. Аты келтірілген тарихшылардың қайсысы монғол шапқыншылығы туралы өз еңбектерінде жазған? 
А) Қашқари 
В) әл-Фараби
С) Плано Каприни  
D) Марко Поло 
Е) Бируни 


28. ХІІІ-ХIV ғасырларда Алтын Орда хандығы халқының көп бөлігін құраған тайпаны табыңыз
А) наймандар  
В) үйсіндер
С) қыпшақтар   
D) ноғайлар   
Е) татарлар


29. Семей полигонында алғашқы атомдық жарылыс қай жылы болды? 
А) 1945 жылы
В) 1949 жылы 
С) 1951 жылы
D) 1947 жылы
Е) 1953 жылы


30. Қорқыт ата кітабын қазақша сөйлеткен ғалым кім?
А) Әбікен Бектұров
В) Темірбек Жүргенов
С) Ә.Сараев
D) Әуелбек Қоңыратбаев   
Е) Сакен Жүнісов


Форманы тазарту

 

Тестті дайындаған: Жолдас Өрісбаев

HTML-кодты дайындаған: Мейіржан Әуелхан

Сурет: myhomekz.com

Ж. Өрісбай