Азиядағы елдердің атауы неге "стан" жалғауымен аяқталады?

Азиядағы елдердің атауы неге "стан" жалғауымен аяқталады?

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан, Қарақалпақстан, Үндістан. Бұлардың бәрі бір-біріне жапсарлас жатқан мемлекеттер. Көбі Орта Азияда. Ресейде Башқұртстан, Татарстан, Дағыстан сынды автономиялық республикалар. Иран мемлекетінің атауы да "станнан" пайда болған деседі.

Неге бұл мемлекеттердің атауы бір-біріне ұқсас, "-стан" жалғауымен аяқталған? Соны түсіндіріп көрейік.

Жауабы қарапайым. "Стан" тіркесі парсы тілінде "мекен, жері, ел, атажұрт" деген мағынаны береді. Бұл сөз көне үнді-еуропа тілінен "stā-" қосымшасынан пайда болған екен.

Қазақстан – қазақтың жері, Ауғанстан – ауған халқының жері, Қырғызстан – қырғыз халқының мекені, Өзбекстан – өзбек жұртының мекені дегенді білдіреді. Ал "Дағыстан" сөзі тау халқы, даг жұрты дегеннен шыққан.

Бір қызық дерек айта кетейік. Дәл осы жұрнақтың мағынасын білдіретін Еуропада таралған ағылшын тілінің "land" жұрнағы бар. Бұл қосымша көне грек тілінен келген.

England (Ұлыбритания), Scotland (Шотландия), Ireland (Ирландия), Netherlands (Нидерланды), Deutschland (Германия), Finland (Финляндия), Poland (Польша) – осының бәрі бір жұрнақпен жасалған атаулар.

Мұхитқа батып кеткен көне мәдениет - Атлант сөзі де осы "land" жұрнағынан тараған деседі.