- Негізгі бет
- Асыл сөз
- Ас беру мен...
Ас беру мен қонақасының айырмасы
Қазақ халқы ас беру мен қонақасы атты екі ұғым бар әрі бір-бірімен мәндес. Алайда дербес мағыналары бар. Қазір баспасөзде бұл екі сөзді шатасып қолданушылар көбейді. Содан күнделікті өмірде де ас беру мен қонақасыны бір мәнде қолданатындар пайда болды.
Қонақасы дегеніміз – арнаулы шақырылған, не арнап келген кісілерге берілетін кәделі дәм.
Ас беру дегеніміз – қайтқан адамдарға, жылына, не одан кейінгі еске алуда жасалатын құрмет.
Қаламгер, журналист Сабыржан Шүкірұлының айтуынша, ас берудің азалы және торқалысы болады. Азалысы – жас қайтқан кісілердің жылы, ал торқалысы ертеректе қайтыс болған елге белгілі адамдардың еске алынуы.
Азалы аста көңілді ойын-сауық болмайды, ал торқалыда – ат шаптыру, көкпар, күрес сияқты ойындар болып, ақындар айтысады. Бұл қазіргі Қабанбайдың, Бөгенбайдың, Абылайдың, Абай мен Шәкәрімнің, Ахметтің, Міржақыптың еске алынулары сынды.
Қ. Слямбек