Абай Құнанбайұлының достық туралы ой орамдары

Абай Құнанбайұлының достық туралы ой орамдары

Достық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Мұны жырға қоспаған, тақырыбына арқау етпеген ақын-жазушы кемде-кем. Тіпті, жоқ десек те болады. Соның бірі – ұлы Абай.

Абай - ірі гуманист ақын. Сондықтан ол адам адамды сүйе білуі керек деген идеяны берік ұстады. Ол жалпы адам баласының достығын жыр етті.  Абайдың көп өлеңдерінде адам баласы біріне-бірі жаулық емес, достық іздесін деген пікір өзек болып тартылып жатады. «Жігіттер, ойын - арзан, күлкі - қымбат» деген өлеңінде: 

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, 
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз. 
  
Күншілдіксіз тату боп шын көңілмен, 
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз. 

Абайдың түсінігінше, ең қызық өмір - татулық, достық. Күн сайын жаулықтың отына май тамызып тұтатушы қоғамның жуан ортасында отырса да, Абай өле-өлгенше достықты жырлаумен болды.  
  
Жүрегі жұмсақ білген құл, 
Шын дос таппай тыншымас. 
Пайда, мақтан - бәрі тұл 
Доссыз ауыз тұшымас, - деді.

Бұл өлең - ұлы ақынның достықты жыр еткен барлық өлеңдерінің кілті. 

****

Адам баласына адам баласының бәрі - дос. Не үшін десең: дүниеде жүргенде туысың, өсуің, ашығуың, қайғың, қазаң, дене бітімің, шыққан жерің, барар жерің бәрі бірдей... Біріңе бірің қонақ, қонақ соры екенсің, өзің дүниеге де қонақ екенсің...

****

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.

****

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен - сыйлас.

****

Достық – достық шақырады.

****

Көп кісі досым жетілсе екен демейді, егерде бірі жетілсе бағанағы досына бітімі жоқ дұшпаны сол болатұғыны қалай?

****

Кей құрбы бүгін - тату, ертең - қату,
Тілеуі, жақындығы - бәрі сату.

****

Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең - істің бәрі бос.

****

Жас күнде кімді көрсең - бәрі дос.

****

Жақсы дос - білген сырын сыртқа жаймас.

****

Жау қожандап бұртиып,
Дос құбылып әуре етер.

****

Жауға - мылтық, досқа - ынтық.

****

Досқа - жаз, жауға - аяз.

Ө. Сансызбай